Accessibility links

Қанаған мұрын, нокдаун. Қазақстан боксшысы Қоңқабаев олимпиадада қалай жеңілді?

Қазақстандық боксшы Қамшыбек Қоңқабаев +91 келі салмақта Токио олимпиадасының финалына шыға алмады. Ол жартылай финалда америкалық Ричард Торрезден жеңілді. Үшінші раундта Қоңқабаевтың мұрнының үсті жырылып, жекпе-жек уақытынан бұрын тоқтатылды. Қоңқабаев олимпиаданың қола жүлдесін алады. Бокс ережесіне сай, жартылай финалда жеңілген боксшыға қола медаль беріледі.

XS
SM
MD
LG