Accessibility links

Жыл басынан бері 45 мың бала коронавирусқа шалдыққан, алтауы қайтыс болған


Қазақстанда жыл басынан бері 45 мың бала коронавирусқа шалдыққан, алтауы қайтыс болған. Денсаулық сақтау министрлігі ана мен бала денсаулығын сақтау департаментінің Азаттыққа жолдаған жазбаша жауабында осындай мәлімет келтірілген. Министрлік жауабындағы мәліметтер 1 қаңтар мен 12 тамызға дейінгі аралықты қамтиды.

Ведомство мәліметіне сүйенсек, әсіресе шілде айында коронавирусқа шалдыққан балалар ерекше артқан.

"2021 жылдың қаңтарында – 3187 бала, ақпанда – 2896, наурызда – 2691, сәуірде – 7471, мамырда – 5968, маусымда – 4274, шілдеде 13 047 балада алғаш рет коронавирус тіркелді" делінген хабарламада.

Былтыр коронавирустан бір бала (Ақмола облысы) қайтыс болса, биыл 6 бала көз жұмған. Олар Павлодар қаласы (1), Маңғыстау облысы (1), Нұр-Сұлтан (2), Қарағанды қаласы (1), Солтүстік Қазақстан облысында (1) тұрған.

Қазір коронавирус жұққан шамамен 6,3 мың бала дәрігерлер бақылауында. 918 бала стационарда емделіп жатыр. 5464 бала амбулаторлық жағдайда ем қабылдап жатыр.

2,6 мың баланың ауруы – жеңіл дәрежеде, 989 баланыкы – орташа, 25 баланың ауруы ауыр дәрежеде өтіп жатыр.

Шілде айының соңында денсаулық сақтау министрлігі жыл басынан бері Қазақстанда 34 мың балаға Covid жұққан, коронавирустан 2 бала қайтыс болған деп мәлімдеген болатын.

Бұған дейін Қазақстанда 12 жастан бастап балаларға коронавирусқа қарсы Pfizer вакцинасы салынуы мүмкін екені хабарланған еді.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG