Accessibility links

Қазақстанда Арон Атабекті босату жөнінде қол жинау басталды


15 жыл қамауда отырған жазушы әрі ақын Арон Атабек халінің нашар екенін айтып, шағынып отыр. 18 тамыз 2021 жыл.
15 жыл қамауда отырған жазушы әрі ақын Арон Атабек халінің нашар екенін айтып, шағынып отыр. 18 тамыз 2021 жыл.

Бақытжан Төреғожина бастаған бірнеше құқық қорғаушы түрмедегі диссидент Арон Атабекке рақымшылық жасау туралы президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа хат жазып, қол жинай бастады. Қол жинау жария болған бір сағаттың ішінде оны жүзге жуық адам қолдап, қол қойған.

Хатта, президенттің өз қалауы бойынша – сотталған адамға рақымшылық жариялай алатыны, сол құқықты пайдаланып Арон Едігеевті (Атабекті) босату туралы айтылған.

- Бес күн бойы қол жинаймыз. Кейін қол қойған хатты Ақордаға жіберемін. Рақымшылық туралы комиссия жылына төрт рет кеңес өткізеді. Мен желіге жариялаған постта, президенттің кеңесшілері мен оған жақын саяси серіктестерін де белгіледім, олар мәселені президентке жеткізсе, қалаған уақытында шешім шығара алады, - деді Бақытжан Төреғожина.

Бұған дейін, Қазақстанда Ұлттық алдын алу тетігі (ҰААТ) қатысушылары 15 жыл қамауда отырған ақын әрі диссидент Арон Атабекпен жолығып, халінің нашар екенін айтқан еді.

"Екі қолым ауырады, көтере алмаймын, бүгілмейді, қаламсап ұстаудың өзі қиын. Аяғым да ауырады, камера ішінде ғана жүремін, серуенге шығудан бас тарттым. Таксофонға арбамен барамын. Этапта соққыға жыққан кездегі жарақаттарым болуы керек. Толық (медициналық – ред.) тексеруден өтуді ұсынды, бірақ мен одан бас тарттым. Себебі менің жасымда сәуле алу қауіпті деп есептеймін" деп келтіреді Атабектің сөзін ҰААТ өкілдері. Бұл туралы Bureau.kz сайты жариялады.

Бюроның жазуынша, мекеме әкімшілігі Арон Атабектің амбулаториялы картасын көрсеткен. Онда оның 2021 жылғы 4 тамызда анализге қан тапсырудан, флюрография мен рентгенге түсуден бас тартқаны жазылған. Мекеме басшысы Әділхан Қапышев Атабектің денсаулығын бақылап отырғанын мәлімдеген.

Арон Атабек 2006 жылғы "Шаңырақ" оқиғасынан 18 жылға сотталған. Билік оны сол оқиға кезінде қаза тапқан полицейдің өліміне кінәлі деп тапқан. Құқық қорғаушылар үкімнің негізсіз екенін айтып, оны "саяси тұтқын" деп таныған.

Қарай отырыңыз: Арон Атабек рақымшылыққа іліге ме? (6 қыркүйек 2021 жыл).

Арон Атабек рақымшылыққа іліге ме?
please wait

No media source currently available

0:00 0:03:49 0:00

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG