Accessibility links

Қазақстан арналары "митингіге Қырғызстаннан келген жұмыссыз адамды" көрсетті. Бұған Бішкек қарсы


Қазақстан арналары "митингіге Қырғызстаннан келген жұмыссыз адамды" көрсетті. Бұған Бішкек қарсы
please wait

No media source currently available

0:00 0:02:29 0:00

Қазақстандық телеарналар 9 қаңтарда елдегі митингіге қатысқаны үшін ақша алды деп қырғызстандықты көрсеткен еді. Ал Қырғызстан тұрғындары Қазақстан арналары көрсеткен адам белгілі джаз музыканты әрі пианист Викрам Рузахунов екенін айтып жатыр. Бішкекте наразылық шарасы да өтті. Видеодағы адам жұмыссыз екенін, 1 қаңтарда белгісіз адамдар митингіге қатысу үшін 90 мың теңге ұсынғанын, билет әпергенін, пәтерге орналастырғанын айтады. Сөйлеп тұрған адамның бетінде соққы іздері бар, бір көзі ісіп кеткен. Артынша қырғызстандықтар бұл адамның белгілі музыкант Викрам Рузахунов екенін айтып, кейбірі оған бұл сөздерді азаптап айттырды дейді

XS
SM
MD
LG