Accessibility links

Еуропарламент Украинаның Еуроодаққа мүшелікке үміткер болуын қолдады


Сейсенбі күні Еуропарламент басым дауыспен Украинаға Еуроодаққа мүше болу үшін үміткер мемлекет деген мәртебе беру жөніндегі резолюцияны қолдады. Алайда ЕО-ға мүше болу үшін белгілі бір ережелер сақталуы қажеттігі айтылған.

Украина билігі ЕО-ға мүше болып кіру жөніндегі өтінішін жедел қабылдауын сұраған.

Резолюция Ресей әскери күштерінің Украинаға басып кіруі және Беларусь президенті Александр Лукашенконың әрекетін айыптайды. Сонымен бірге әлем қауымдастығын Украинаға гуманитарлық көмек көрсетіп, босқындарға қол ұшын беруге шақырады.

Резолюцияда Ресейден мұнай және газ алуды шектеуді, ЕО-ға Ресейге инвестиция құюды тоқтатуды, сонымен бірге SWIFT жүйесінен өшіру талап етілген. Ресей мен Беларусьтің жоғары лауазымды шенеуніктеріне қарсы санкция салуға қолдау көрсетеді.

Еуропа депутаттары Украина президенті Владимир Зеленский видео арқылы байланысқа шыққан кезде орындарынан тұрып қол шапалақтады. Зеленский сөзінде украиналықтар мыңдаған адамын құрбан ету арқылы Ресей агрессиясына қарсы тұрып, Еуроодақ елдерін Украинаға қолдау көрсету мақсатында біріктіре алды деді. Президент сөзінде Украина еуропалық бағытты таңдайтынын, тең құқықты еуропалық ұлттың өкілі болып, Еуроодаққа мүше болғысы келетінін айтты.

Негізгі ереже бойынша, ЕО-ға мүше болу көптеген жылдарды қажет етеді. Кейде он жылға созылады. Бірқатар елдер Украинаны ЕО-ға кіруді тездетуді қолдады.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG