Accessibility links

"Қаңтар оқиғасы" жайлы баяндамасында ішкі істер министрі "19 қызметкер қаза тапқанына өкінетінін" айтты


Қазақстанның ішкі істер министрі Марат Ахметжанов
Қазақстанның ішкі істер министрі Марат Ахметжанов

Бүгін, 14 наурызда Қазақстан парламентінің мәжілісінде баяндама жасаған ішкі істер министрі Марат Ахметжанов "Қаңтар оқиғасы" кезінде "19 қызметкер қаза тапқанына" өкінетінін айтты.

Ішкі істер министрінің сөзінше, "қаңтардың бас кезінде наразылық акцияларына шыққан халыққа түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, көтерілген мәселенің нақты шешімдері ұсынылған. Бірақ, араға арандатушылар қосылып, бейбіт жиналыс заңсыздыққа ұласқан".

-Өкінішке орай, 19 қызметкер қаза тапты. 3 мыңнан астам полиция мен әскери қызметшілер жарақат алды. Көптеген қызметкерлер әлі де ем алуда. Біразы денсаулықтарына байланысты болашақта қызметтерін жалғастыра алмайды. Сондықтан, қызметкерлер төтенше жағдай және терроризмге қарсы операция аясында қару қолдануға мәжбүр болды. Бұл ретте, қару қолдану "Құқық қорғау қызметі туралы" Заңның 61-бабына сәйкес жүзеге асты,-деді ол.

Ресми мәлімет бойынша, "Қаңтар оқиғасында" 230 адам өлген. Билік өлгендердің толық аты-жөні мен тізімін әлі күнге жариялаған жоқ.

230-дың 19-ы полицейлер мен әскери қызметкерлер. Олардың аты-жөндері аталып, бірқатары ресми түрде марапатталған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG