Accessibility links

Еуроодақ Украина өнімдерін баж салығынан босатпақ


Еурокомиссия төрайымы Урсула фон дер Ляйен және Украина президенті Владимир Зеленский.
Еурокомиссия төрайымы Урсула фон дер Ляйен және Украина президенті Владимир Зеленский.

Ресей басқыншылығы жалғасып жатқан тұста Еуропа комиссиясы Украинаға өнімдерін уақытша кеден салығынсыз тасымалдауға мүмкіндік бермек.

"Бұл шаралар сауданы нығайтып, Украина экономикасына қалыпты жұмыс істеуіне мүмкіндік береді. Соғыста жеңіп, қалыпқа келу үшін өте маңызды. Бұл ЕО-ның ауыр кезеңде Украинаға көмектесу ниетінен айнымайтындығының көрінісі" деді Еурокомиссия жетекшісінің орынбасары Валдис Домбровскис.

Украина президенті Владимир Зеленский аталған шешімнің жай-жапсарын Еурокомиссия төрайымы Урсула фон дер Ляйенмен талқылағанын айтып, еуропалық әріптестеріне алғыс айтты.

Еурокомиссия шешімін Еуропарламент пен одаққа мүше 27 ел үкіметтері мақұлдауы тиіс.

XS
SM
MD
LG