Баткен облысында 15 жастағы қыздың қаза болғаны хабарланды
Баткен облысы Достук ауылының тұрғыны Малик Маннанов Азаттықтың Қырғыз қызметіне шекарадағы қақтығыс кезінде 15 жастағы қызы қаза тапқанын айтты.
"Таңертең адамдар қашып жатқанда болды. Қызыма снаряд қалдығы тиіп қаза тапты. Жедел жәрдем, аурухана қайда екенін білмедік. Бәрі қашып жатты. Қызымды Маргун ауылына жерледім" деді ол.
Ресми органдар 15 жастағы қыздың қазасына қатысты әзірге ақпарат таратқан жоқ.
Қырғызстан мен Тәжікстан президенттері шекарадағы жағдай бойынша келіссөз өткізді
Қырғызстан президенті Садыр Жапаров пен Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон келіссөз жүргізіп, өз елдеріндегі тиісті органдарға атысты тоқтату туралы тапсырма берді.
Екі ел басшысы қазір Самарқандта өтіп жатқан Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммитіне қатысып жатыр.
Қырғызстан ұлттық қауіпсіздік комитеті басшысы Камчыбек Ташиев "Атысты тоқтату туралы бұйрық бердік. Азаматтар алаңдамаса болады. Бір-екі сағаттың ішінде атыс толық тоқтайды деп ойлаймын" деді.
Бған дейін екі елдің ұлттық қауіпсіздік комитетінің басшылары атысты тоқтату туралы келіссөз өткізіп, атысты 16.00-ден бастап тоқтатуға келіскен. Азаттықтың Тәжік қызметінің хабарлауынша, келіссөз "Равод" шекара бекетінде өткен.
Қырғызстан шекара қызметі: Қырғызстан ұлттық қауіпсіздік комитетінің басшысы Камчыбек Ташиев пен Тәжікстан ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Саймумин Ятимов 16.00-де атысты тоқтату туралы келісті.
ПІКІРЛЕР