Accessibility links

Баткенде өртенген ғимараттың бірі. 16 қыркүйек 2022 жыл.
Баткенде өртенген ғимараттың бірі. 16 қыркүйек 2022 жыл.

Қырғыз-тәжік шекарасындағы қақтығыс. Не болды?

16 қыркүйекте Қырғызстан мен Тәжікстан шекарасында қақтығыс болып, екі тарап бір-бірін ауыр техника қолданды деп айыптады.

Қырғызстан жағы 59 адам қаза болғанын хабарлады. Тәжікстан билігі 32 адамның опат болғанын мәлімдеді.


17:02 16.9.2022

Қырғызстан мен Тәжікстан президенттері шекарадағы жағдай бойынша келіссөз өткізді

Қырғызстан президенті Садыр Жапаров пен Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон Самарқандта кездескен сәт. 16 қыркүйек 2022 жыл.
Қырғызстан президенті Садыр Жапаров пен Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон Самарқандта кездескен сәт. 16 қыркүйек 2022 жыл.

Қырғызстан президенті Садыр Жапаров пен Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон келіссөз жүргізіп, өз елдеріндегі тиісті органдарға атысты тоқтату туралы тапсырма берді.

Екі ел басшысы қазір Самарқандта өтіп жатқан Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммитіне қатысып жатыр.

17:11 16.9.2022

Баткен облысында 15 жастағы қыздың қаза болғаны хабарланды

Баткен облысы Достук ауылының тұрғыны Малик Маннанов Азаттықтың Қырғыз қызметіне шекарадағы қақтығыс кезінде 15 жастағы қызы қаза тапқанын айтты.

"Таңертең адамдар қашып жатқанда болды. Қызыма снаряд қалдығы тиіп қаза тапты. Жедел жәрдем, аурухана қайда екенін білмедік. Бәрі қашып жатты. Қызымды Маргун ауылына жерледім" деді ол.

Ресми органдар 15 жастағы қыздың қазасына қатысты әзірге ақпарат таратқан жоқ.

17:55 16.9.2022

Қырғызстан шекара қызметі Тәжікстан әскерилері Лейлек ауданы Кулунду және Жаны-жер елдімекендеріндегі қырғыз шекарашыларына тағы оқ атты деп айыптады. Қырғызстан шекарашылары Бішкек уақыты бойынша 18:30-дағы жағдай бойынша "шекарадағы жағдай тұрақты емес" дейді.

Тәжікстан тарабы бұл мәлімдемеге қатысты әзірге ештеңе деген жоқ.

Бішкек пен Душанбе 16.00-ден бастап атысты тоқтатуға келіскен еді. Самарқандта Қырғызстан президенті Садыр Жапаров пен Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон кездесіп, келіссөз жүргізген.

20:36 16.9.2022

Қырғыз-тәжік қақтығысы. Негізгі ақпараттар:

  • 16 қыркүйекте Қырғызстан мен Тәжікстан шекарасының маңында қақтығыс болып, екі тарап бір-бірін ауыр техника қолданды деп айыптады.
  • Қырғыз шекарашылары тәжік солдаттары 16 қыркүйекте шекара маңында танкілер, бронотехника, миномет пайдаланды деп айыптады. Тәжікстан тарабы Қырғызстанды әскери бөлімшелерді және тәжіктің жеті ауылын "ауыр техникамен" атқылады деп мәлімдеді. Қақтығыстың тұтануына екі тарап бір-бірін айыптады.
  • Қырғызстан денсаулық сақтау министрлігі Баткен облысында 15 жастағы қыз бала қаза тапқанын, кемі 55 адам жараланғанын айтады. Ведомство қаза тапқандар саны өсуі мүмкін дейді.
  • Тәжікстан билігі Исфара қаласында бір бейбіт тұрғын қаза тауып, үш адам жараланды деді. Тәжікстан ұлттық қауіпсіздік комитеті "келіссөздерге қарамастан шекарадағы қақтығыс тоқтаған жоқ. Қырғызстан әскерилері Исфара қаласындағы Богистан және Лакон елдімекендеріне қарулы шабуыл жасап, бейбіт тұрғындардың үйін және мекемелерді өртеді" дейді.
  • Қырғызстан мемлекеттік қауіпсіздік комитеті "тәжік тарабы танкілер, минометтер, бронетехника мен дүркіндете ататын реактивті жүйелерді қолданып, Қырғызстанның территориясын басып алуға тырысып жатыр" деп мәлімдеді.
  • Бұған қоса қырғыз шекарашылары "тәжік әскерилері Баткен облысы Достук облысындағы мектеп ғимаратын басып алды. Тәжікстан Баткен облысы және қала шетіндегі объектілерге ракетамен шабуыл жасады" деп те мәлімдеді.
  • Қырғызстан шекара қызметі қырғыз әскерилері Тәжікстанның "Ляккан" және "Богдари" шекара бекеттеріне соққы жасап, ауыр техникаларды жойды деді.
  • Тәжік тарабы басында "тиісті органдарымыз атысты тоқтатуды және келіссөз жүргізуді ұсынғанымен Қырғызстан әскерилері бұған құлақ аспай Тәжікстанның елдімекендерін атқылады" деп мәлімдеген. Кейін Қырғызстан ұлттық қауіпсіздік комитетінің басшысы Камчыбек Ташиев пен Тәжікстан ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Саймумин Ятимов 16.00-де атысты тоқтату туралы келісті.
  • Қырғызстан президенті Садыр Жапаров пен Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон Самарқандта келіссөз жүргізіп, өз елдеріндегі тиісті органдарға атысты тоқтату туралы тапсырма берді. Шекарада жанжал шыққанда екі ел басшысы Самарқандта Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммитіне қатысып жатқан.
  • Бірақ кейін екі тарап бір-бірін келісімге қарамастан оқ атты деп айыптады.

Тағы

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG