Қазақстанда астық тасымалы ресейлік компанияға қарап тұр
Қазақстандағы астық тасымалдаушы ең ірі монополист компания артында ресейлік кәсіпкерлер тұр. Бұл компания басында Қазақстан үкіметінің де меншігінде болған. Кейін жекеменшікке өтіп, қазір елдегі астық тасымалы бойынша көшбасшыға айналды. Ал одан отандық астық өндірушілер зардап шегіп отыр.