7 қаңтарда Қазақстанның кемі үш өңірінде 10-ға жуық белсендіні полиция ұстап, бірнеше сағаттан соң босатқан. Олар бір жыл бұрын Қаңтарда қаза болған құрбандарға құран бағыштағысы келген. Алайда көбі қаладағы орталық алаңға жетіп үлгермеген. Қаңтарда кемі 151 адам қаза болған Алматыдағы Республика алаңына бірқатар белсенді мен журналист келіп, құрбандарға құран бағыштап, бейбіт жиынға қатысқан халықты есіне алды.