Грузия парламенті мақұлдаған "шетел агенті" туралы заң қоғам қарсылығына ұшырады. 7 наурызда ел астанасы Тбилисиде мыңдаған адам наразылық білдірді. Оларды полиция су, газ шашып таратуға тырысты. Бүгін де наразылар парламент ғимаратының маңына жиналып жатыр.