Accessibility links

12 маусым Абай облысында өрт кезінде қаза болған орманшыларды жалпыұлттық аза тұту күні деп жарияланды


Президентпен кездескен Абай облысындағы орман өрті кезінде қаза болған орманшылардың жақындары. Абай облысы, 11 маусым, 2023 жыл.
Президентпен кездескен Абай облысындағы орман өрті кезінде қаза болған орманшылардың жақындары. Абай облысы, 11 маусым, 2023 жыл.

Қазақстанда 12 маусым Абай облысында орман өрті кезінде қаза болған орманшыларды жалпыұлттық аза тұту күні деп жарияланды. Бұл жөнінде Ақорда хабарлады.

Ақорданың жазуынша, Абай облысында жүрген президент Қасым-Қасым-Жомарт Тоқаев 11 маусымда орман өрті кезінде қаза болған орманшылардың жақындарына көңіл айтқан.

- Бұл – бүкіл халқымыз үшін үлкен қасірет. Еліміздің қайғысы. Бекем болыңыздар. Орны толмас қайғы екенін түсінемін. Сіздерге жан-жақты көмек көрсету жөнінде Үкіметке тапсырма бердім. Үкіметке немесе маған жеке өтініштеріңіз болса, айтыңыздар. Барлық өтінішті орындаймыз. Қаза тапқан азаматтар қайтып келмейді. Бірақ өмір жалғасады. Осы қайғылы жағдайға кінәлілердің бәрі заң бойынша жауапқа тартылады. Дүйсенбі күнін еліміз бойынша Жалпыұлттық аза тұту күні деп жарияладым. Біз қаза тапқан азаматтарды еске аламыз, – деді Тоқаев.

Ақорда жариялаған суреттерге қарағанда қаза болғандардың туыстары өрт сөндірілген аумаққа әкелінген. Олар президентпен әскери палаткада кездескен.

Ақпаратқа қарағанда, қаза болғандардың туыстары отбасын асырап отырған жақындарынан айырылғандықтан Тоқаевтан қаржылай көмек көрсетуін сұраған.

– Зардап шеккен барлық отбасыға жеке жәрдемақы тағайындалады. Мен сіздерге уәде беремін. Президент жанынан арнайы қор құрылады. Зардап шеккендерге жеке көмек көрсетемін, – деді Тоқаев.

Президент "министрлік және басқа да тиісті органдар апаттың ауқымы бойынша қате болжам жасаған" деп мәлімдеді.

- Шұғыл шаралар қабылдап, өртті сол жерде өшіруі, кем дегенде оқшаулауы керек еді. Оны істемеген. Жағдайға салғырт қарады, біліктілік танытпады. Барлығы жазаланады, - деді президент.

11 маусымға қараған түні экология министрлігі "Семей орманы" резерватындағы өрт кезінде қаза болғандардың 14 орманшының жариялаған. Арасында бір әйел бар.

Төтенше жағдай министрлігінің жексенбі таңертеңгі ақпараты бойынша, қазір өрт бес аумақта сөндіріліп жатыр. Өрт аумағы 60 мың гектардан асқан. 300 арнайы техника, 11 тікұшақ, 1500 адам жұмылдырылған.

Сенбі күні президент Қасым-Жомарт Тоқаев Юрий Ильинді төтенше жағдай министрі қызметінен босатып, оның орнына Сырым Шәріпхановты тағайындаған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG