Қажылық визасын алмай Меккеге барғандар кедергіге тап болды. Бұған кім кінәлі?
Қазақстаннан Меккеге үлкен қажылық өтейміз деп аттанған 120 адамға депортация қаупі төнген. Себеп – оларды Сауд Арабиясына жіберген компания мүфтияттан ресми рұқсат, квота алмаған. Туристік фирма өкілі рұқсатты «бейресми» түрде алғанын айтты, ал діни басқарма компания заң бұзып отыр дейді.