Accessibility links

Алматы, Астана, Қостанай және Павлодарда тұрғындар Навальныйды еске алып, гүл қойды


Навальныйдың қазасы жөнінде ақпарат тарағаннан кейін Астанадағы Ашаршылық құрбандарына арналған мемориалға қойылған гүл шоқтары. 16 ақпан 2024. Журналист Евгения Балтатарова телеграм-арнасынан алынған.
Навальныйдың қазасы жөнінде ақпарат тарағаннан кейін Астанадағы Ашаршылық құрбандарына арналған мемориалға қойылған гүл шоқтары. 16 ақпан 2024. Журналист Евгения Балтатарова телеграм-арнасынан алынған.

16 ақпанда кешке қарай ресейлік оппозициялық саясаткер, Кремль оппоненті Алексей Навальныйдың түрмеде көз жұмғаны туралы ақпарат тарағаннан кейін түнге қарай Алматы, Астана, Қостанай және Павлодарда репрессия құрбандарына арналған мемориал сияқты орындарға Навальныйдың суреттері қойылып, шырақтар жағылды. Гүл шоқтары қойылды.

Бұл жөнінде суреттерді журналист Евгения Балтатарова телеграм-арнасында жариялады.

Masa.media сайтының жазуынша, стихиялы мемориалдар Алматы, Алматы, Қостанай, Павлодарда пайда болған.

Жұма күні Qushtar қозғалысының белсендісі Влада Ермольчева Алматыдағы Ресей бас консулдығына барып, саясаткерді еске алып гүл қойды. Ол Навальныйдың үлкен портретін ұстап тұрды. Белсенді саясаткердің өліміне Кремль мен Путинді кінәлап, Ресейде қудалау күшейгенін айтты. Ресейдің көршісі Қазақстанда да саяси тұтқындар көп екенін айтып, олардың да көбіне қауіп-қатер төнгенін жеткізді.

"Қазақстанда да саяси тұтқындар көп. Олардың көбінің өміріне қатер төнген. Әйгерім Тілеужан, Марат Жыланбаев... сияқты көп адам құқық қорғау белсенділігі үшін сотталған. Мұндай мәселені айтуға тиіспіз" деді ол.

Ресейдің жазаны орындау федералдық қызметі 16 ақпанда Кремльдің сыншысы, ресейлік белгілі оппозиционер Алексей Навальный Ямало-Ненецк автономды округіндегі түрмеде көз жұмғанын хабарлаған.

Ведомствоның айтуынша, Навальный "серуеннен кейін өзін нашар сезініп, талып қалған". "Жедел жәрдем дәрігерлері тұтқынға көмектесе алмаған. Оның неден қайтыс болғаны белгісіз".

Кейбір сарапшылар бұрынғы СССР елдері мен Орта Азия елдерінің басшыларының ешқайсысы ресейлік оппозиция қайраткерінің өліміне қатысты тіс жармағанына назар аударады. Тек Грузия басшысы Саломе Зурабишвили Навальныйдың өлімін "демократияны қорғаған барша жандар үшін трагедия" деп атады.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG