Accessibility links

Баку Еуропа кеңесіне мүшеліктен айырылуы мүмкін


зірбайжан президенті Илхам Алиев референдумда дауыс беруде. Баку, 18 наурыз 2009 жыл.
зірбайжан президенті Илхам Алиев референдумда дауыс беруде. Баку, 18 наурыз 2009 жыл.

Әзірбайжан сайлау ресмилерінің хабарлауынша, референдумға қатысқандардың басым бөлігі президент Илхам Алиевтің сайлауға түсуіне шек қоймайтын құқық беретін конституциялық толықтыруларды қолдаған. Бірақ Еуропа кеңесінің жергілікті билік палатасының президенті бұл өзгертулер Бакудің демократия міндеттемелерін бұзады деп мәлімдеді.

Бейсенбі күні Азаттық радиосына берген сұхбатында Еуропа кеңесінің жергілікті және аймақтық билік жөніндегі конгресінің президенті Ян Микаллеф Әзірбайжанның Конституциясына толықтыруларды мақұлдау арқылы Баку 2002 жылы алған міндеттемелерін бұзады деп атап көрсетті.

Оның айтуынша, президент Илхам Алиевтің шексіз мәрте қайта сайлануына құқық беретін конституциялық толықтыру жүзеге асырылса, Баку делегациясының конгрестен шығарылуына себеп болуы мүмкін және ақыр аяғында Әзірбайжан аймақтағы адам құқықтары жөніндегі жетекші ұйым - Еуропа кеңесіне мүшеліктен шығып қалуы ықтимал.

«Біз бұл жерде демократия мен заң үстемдігін айтып отырмыз. Егер президенттік мерзімге қатысты шектеулер болмаса, кез келген мемлекет басшысы диктаторға айналуы мүмкін. Әлем елдері демократияның негізгі принциптерін ұстанулары керек. Бұл тұрғыда Әзірбайжан Еуропа кеңесі алдында алған міндеттемелерін орындауы тиіс. Мұндай міндеттемелер Әзірбайжанға Еуропа кеңесіне мүше болуының алдында жүктелген.Демек, біз мұндай құқық пен құндылықтарды қорғауға тиіспіз», - деді Микаллеф.

Оның айтуынша, Еуропа кеңесінің жергілікті және аймақтық билік жөніндегі конгресінің Әзірбайжанға қатысты қадамдары сәуірдің басына белгіленген келесі жиында жасалуы мүмкін. Баку делегаттарын Конгрестен алшақтату жөніндегі шешім өз кезегінде Әзірбайжанды Еуропа кеңесінен шеттетуге алып келуі ықтимал деді Микаллеф.

«Егер Әзірбайжан үкіметі өз міндеттемелерін сыйламаса, Конгресс ретінде біз барлық қажетті шараларды қолға алуға дайынбыз деп шештік, яғни Әзірбайжан делегациясы Конгрестен алшақтатылуы мүмкін. Әрине бұл үдеріс Баку өз міндеттемелерін құрметтемеген жағдайда ғана жүзеге аса бастайды», - дейді Микаллеф.

Оның бұл мәлімдемесінен кейін Әзірбайжан парламентінің сыртқы қатынастар бойынша комитетінің басшысы Самед Сеидов Микаллеф Әзірбайжандағы жағдай туралы дұрыс хабарланбаған деп атап көрсетті. Алиевтің биліктегі Ени Әзірбайжан партиясының мүшесі Самед Сеидовтың айтуынша, оған Еуропа кеңесінің парламенттік ассамблеясының мүшелері сәрсенбі күнгі референдум демократиялық жолмен өтті деген.

Ресми мәліметтерге қарағанда, референдумда дауыс берген сайлаушылардың басым бөлігі конституциялық толықтыруларды қолдаған.

Президент Алиевтің қолдаушылары президенттік мерзімге қатысты шектеулер жойылса, сайлаушылардың өз жетекшісін таңдау жөніндегі бостандығы күшейеді деп мәлімдеп отыр. Сайлау комиссиясының ресми өкілі Нариман Мавсумовтың айтуынша:

«Демократиялық шарттар бұзылмады. Жақсы көрген президентімізді таңдауға құқымыз бар. Бірақ неге біз президентті екі мерзімнен көбірек сайлануы құқығынан айыруымыз керек?»

Алайда Заң арқылы демократия жөніндегі Еуропа комиссиясы, яғни Венеция комиссиясы Мавсумовтың мұндай мәлімдемесі теория жағынан ғана тартымды болып көрінуі мүмкін дейді. Венеция крмиссиясының айтуынша, президенттің ауторитарлық басшыға айналуының алдын алу үшін кез келген демократиялық мемлекетте биліктегі мерзімге қатысты шектеулер болуы тиіс, себебі билікте отырған президент әртүрлі референдумдар арқылы өзінің билігін күшейтіп ала беретін болады.

Әзірбайжандағы референдумға бойкот жариялауға шақырған елдегі оппозициялық топтар референдум нәтижелері бұрмаланды деп айыптап отыр.
XS
SM
MD
LG