2016 жыл Қазақстан үшін қоғамдық-саяси оқиғаларға бай жыл болды. Бұл оқиғалар көптеген адамның өміріне тікелей әсер етті: Ақтөбе мен Алматыдағы қарулы шабуылдардан ондаған адам мерт болды, қоғамда резонанс тудырған жер шерулері, биліктің наразыларды жаппай ұстауы, кейбір азаматтық белсенділер мен журналистерге қарсы сот процестері Қазақстандағы жағдайға халықаралық ұйымдар мен Батыс елдерінің назарын тағы аудартты.
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы, жуықта тұтқындалған Нұртай Дүтбаев қандай мемлекеттік құпияларды жария еткен болуы мүмкін? Сейітқазы және Әсет Матаевтардың сот ісі мен Бигелді Ғабдулиннің тұтқындалуынан кейін қазақстандық БАҚ-тардың мемлекеттік тапсырысқа ықыласы бұрынғысынша қала ма, жоқ па? Шәукентаева мен Познердің жалған «сұхбаты» қазақстандық телевидениені қай деңгейде көрсетті?
Осы және өзге сауалдарға AzattyqLIVE хабарында сарапшы Айдос Сарым жауап берді. Орыс тілінде өтетін тікелей эфир хабарының толық видеосын мына сілтеме бойынша көре аласыз.