Accessibility links

Әкім сайлауы - 2021

25 шілде күні Қазақстанда аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент және ауыл округі әкімдерін сайлайды. Биліктің дерегінше, бұл күні 730 әкім сайланбақ. Ақорда бұл сайлауда "саяси реформаның" кезекті қадамы деп атаса, сыншылар қолында билік пен қаражат жоқ ауыл әкімін сайлау авторитарлық саяси жүйені өзгертпейді дейді.

Түркістан облысында ыстық күнде дауыс беріп жатыр

Азаттық тілшісі хабар таратып жатқан Бәйдібек ауданында ауа температурасы 41 градус шамасында. Алдында сайлау күні температура 43 градус болады деп болжанған.

Азаттық тілшісі болған бір учаскеде 15 минутта бір ғана сайлаушы келген, басқа бір учаскеде мүлдем дауыс беруші болмаған. Сайлаушылар белсенділігіне ауа райы да әсер етіп жатқандай.

Бақылаушылар түскі асқа кетті

Ақмола облысы Целиноград ауданы Оразақ ауылындағы сайлау учаскесінде бақылаушылар "түскі асқа" кетті. Азаттық тілшісі дауыс беру залына кіргенде, ол жерде бес бақылаушының біреуі ғана болған. Сайлау комиссиясының төрағасы Бекзат Тоқтасынұлы кемі бір бақылаушының барын, оларға "алмасуға болатынын" айтты.

Ал осыған дейінгі сайлауларда бақылаушы болған азаматтық белсенді Белла Орынбетова бақылаушылардың бұлай кетіп қалуы, бақылау қызметінің әсерін жоққа шығарады дейді.

"15 минутқа шығып кетсе, жәшік толып қалуы мүмкін. Бақылаушылықта ешқандай мән қалмайды" дейді ол.

Сайлауком мүшелері партияларының атын білмейді

Алматы облысы Қарасай ауданы Елтай ауылдық округінде №505 сайлау учаскесінің сайлауком мүшелері қай партиядан келгенін білмейді дейді Азаттық тілшісі.

Елтай ауылдық округінде бірнеше елдемекен бар. Округте 10800 сайлаушы тіркелген.

Қарағанды облысында дауыс беруге арналған кабиналар пердемен жабылған

Азаттық тілшісі Елена Вебер Бұқар жырау ауданы Ростовка ауылындағы №527 сайлау учаскесінде дауыс беру кабиналарының пердемен жабылғанын хабарлады. Журналист мұның заңға қайшы екенін, кабиналардың ашық тұруы керек екенін айтады.

Тағы

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG