БҚО: Бәйтерек ауданында сайлауға қазіргі әкім түсіп жатыр
Бәйтерек ауданы Январцево ауылында сайлауға үш кандидат түсіп жатыр, оның біреуі - қазіргі әкім.
Сайлаушылардың пікірі әрқалай: бірі "сыналған" кандидатты қолдаса, бірі "жастарға дауыс беру керек" дейді.
МИСК ұйымының аралық қорытындысы
25 шілдедегі сайлауды бақылап отырған Қазақстан жастары ақпарат қызметі (МИСК) қоғамдық ұйымы сағат 14:00-де аралық қорытындысын шығарды.
МИСК пікірінше, ауыл әкімі сайлауының мынадай ерекшеліктер байқалған:
- "Кандидатты танымайтын, науқанды көрмеген сайлаушылар көп";
- "Үлкенде өзгеріске сенбейді, жастар сайлау процесіне қызықпайды";
- "Ауылдарда қалаларға қарағанда бақылаушыларға күдікпен қарайды: дауласпайды, бірақ көргісі де келмейді";
- "Сайлауды мемлекеттік телеарналар белсенді түрде қамтып отыр. Билік мұны заңдағы өзгерісті атап өту үшін әдейі істеп отырғанға ұқсайды";
- "Ауыл тұрғындары бір-бірін танығандықтан, ойын айтудан қымсынады, ауылдасы жақындай қалса, үндемей қояды";
- "Комиссия мүшелері тәуелсіз бақылаушылар туралы алғаш рет естіген, бірақ жұмысына кедергі келтірмеген";
- "Жергілікті адамдар ашылып сөйлемейді, сұхбат беруден бас тартады".
БҚО: Сайлауком дауыс берушілердің аз келуі карантин мен ауа райына байланысты дейді
Теректі ауданы Ақжайық ауылында түске дейін дауыс беруге сайлаушылардың 30 пайызы ғана келді деп мәлімдеді учаскедегі сайлау комиссиясының төрағасы.
Комиссия сайлаушылардың қатысу деңгей төмен екенін мойындады, мұны карантинмен және күннің ыстығымен байланыстырады.
Ақмола облысында сайлауком өкілі "Нұр Отан" мүшесі екенін білмейді
Целиноград ауданының орталығы Ақмол ауылдық округіндегі №640 сайлау учаскесінің комиссия өкілі Айман Сатыбалдиева "Нұр Отан" партиясының мүшесі екенін білмейтіп болып шықты. Партиясын еске түсіруге әріптестері көмектесті.
Округте үш сайлау учаскесі болса, соның екеуі бір мектепте, біреуі мәдениет үйінде орналасқан.
ПІКІРЛЕР