Accessibility links

ҚАЖД: Макс Боқаев аштық акциясын тоқтатты


ҚАЖД: Макс Боқаев аштық акциясын тоқтатты
please wait

No media source currently available

0:00 0:00:18 0:00

"Петропавлдағы ЕС-164/3 колониясында жазасын өтеп жатқан атыраулық белсенді Макс Боқаев 24 маусымда аштық акциясын тоқтатты" деп хабарлады Солтүстік Қазақстан облыстық қылмыстық атқару жүйесі департаменті медициналық қызметінің басшысы Кирилл Помазанов. Оның айтуынша, "аштық акциясы кезінде дәрігерлердің бақылауында болған Боқаевтың денсаулық жағдайы бірқалыпты". Атырауда 2016 жылғы сәуірде өткен "жер шеруіне" қатысқаны үшін бес жылға бас еркіндігінен айырылған 44 жастағы Макс Боқаев өзін тұрғылықты жері – Атырау облысындағы түзеу колониясына ауыстырудан бас тартқан билікке наразылық ретінде 10 маусымнан бастап түрмеде аштық жариялаған. Әуелгіде белсенді Атыраудағы УГ-157/9 жалпы режимдегі колониясында жазасын өтейді деп хабарланғанымен, кейін билік оны Петропавлдағы қамау мекемесіне ауыстырған.

XS
SM
MD
LG