Ракты емдеу жолын тапқан ғалымдар Нобель алды
Медицина бойынша Нобель сыйлығы америкалық ғалым Джеймс Аллисон және Тасуку Хондзёге берілді. Екі ғалым рак жасушаларының дамуын баяулататын әдістер ойлап тапқан. Аллисон АҚШ-тағы Техас университетіндегі ракпен күрес орталығында зерттеумен айналысады. Ал Хондзё Жапониядағы Киото университетінің оқытушысы. Олардың методикасы негізінде шығарылған дәрі-дәрмектер рак ауруын емдеуде сәтті қолданылып жатыр.
ПІКІРЛЕР