Accessibility links

"Артында демографиялық экспансия тұр". Алматыда Қытайдың "56 зауытына" қарсы митинг өтті


"Артында демографиялық экспансия тұр". Алматыда Қытайдың "56 зауытына" қарсы митинг өтті
please wait

No media source currently available

0:00 0:05:11 0:00

Алматыдағы Шоқан Уәлиханов ескерткішінің алдындағы, рұқсат етілген митингіге келе жатқан 7-8 адамды полиция жолдан ұстап әкетті.

27 наурыз күні Алматыдағы Шоқан Уәлиханов ескерткішінің алдында Қытай "экспансиясына" қарсы митинг өтті. Митингіні қоғам белсендісі Жанболат Мамай бастаған "Демпартия" құру бастамашыл тобы ұйымдастырды. Жиын қатысушылары Қазақстан үкіметінің наурыздың басында жарияланған жоспарын сынға алды. 1 наурызда Қазақстан сауда және интеграция министрлігі Қазақстанда 2023 жылға дейін Қытайдың қатысуымен жалпы құны 24,5 миллирд доллар болатын 56 кәсіпорын салынады деп мәлімдеген.

Жергілікті билік митингіні мақұлдаған, бірақ полиция оған бара жатқан 7-8 адамды ұстап әкеткен. Белсенділер митинг аяқталған соң, полициядан ұсталған азаматтарды босатуды талап етті. "Демпартия" тобы жақтастарын Шымкент пен Нұр-Сұлтан қаласында да митингіге шығуға шақырған. Бірақ полиция жиын өтетін жерлерді қоршауға алып, акцияға келгендердің кейбірін ұстап әкетті, белсенділердің бас қосуына жол бермеді.

Осы күні митингіге Қазақстан соты экстремистік деп таныған, ал Еуроодақ бейбіт ұйым деп атаған "Қазақстанның демократиялық таңдауы" қозғалысының жетекшісі, қуғындағы экс-банкир Мұхтар Әблязов та шақырған. Әблязов жақтастарын Еуропарламент қарарындағы ескертулерді орындауды және саяси тұтқындарды босатуды талап етуге шақырды.

11 ақпан күні қабылданған қарарада Еуропарламент депутаттары Қазақстандағы адам құқықтарының ахуалын сынға алып, 20 талап қойған. Олардың арасында "құқық қорғаушы белсенділерді, діни ұйымдарды, азаматтық қоғам ұйымдары мен кәсіподақтарды, журналистер мен саяси оппозициялық қозғалыстарды саяси себеппен қудалауды тоқтату, жұрттың саяси, діни және басқа да көзқарастарын еркін білдіруіне жағдай жасау, еркіндікті қамтамасыз ету үшін бейбіт жиындар туралы заңдарға өзгеріс енгізу" және саяси тұтқындарды дереу босату талаптары бар.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG