Accessibility links

Алматы көшесіндегі күзет. 7 қаңтар 2022 жыл.
Алматы көшесіндегі күзет. 7 қаңтар 2022 жыл.

Елде 5-7 қаңтар арасында не болды? Оқиғалардың толық хроникасы

5-7 қаңтар арасында Қазақстанда болған наразылық пен тәртіптсіздіктің хронологиясын осы парақшадан оқи аласыз.

15:13 5.1.2022

Азаттық тілшісінің хабарлауынша, күштік құрылымдар мен әскерилер Алматы әкімдігінен шегінген. Мына видеода наразылар күштік құрылым өкілінің қаруын тартып алып жатқаны байқалады.

15:18 5.1.2022

Нұр-Сұлтанда да төтенше жағдай жарияланды

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Нұр-Сұлтан қаласында да 19 қаңтарға дейін төтенше жағдай жариялады. Қалада түнгі 11-ден таңғы 7-ге дейін коммендан сағат. Бұған дейін билік Алматы қаласы, Маңғыстау облысы, Алматы облысында төтенше жағдай жариялаған еді.

15:35 5.1.2022

Ақтөбеде наразылар мен полиция "текетіресі" жалғасып жатыр. 7 адам жарақаттанған

Ақтөбеде облыс әкімдігінің маңында полиция мен наразылар "текетіресі" жалғасып жатыр. Денсаулық сақтау басқармасының жетекшісі Рүстем Исаев 7 адамды жедел жәрдем көлігі алып кеткенін хабарлады.

"Екеуінің жағдайы ауыр. Қалғандары жеңіл жарақаттанған" деді ол сәрсенбі күні түстен кейін.

5 қаңтарда күндіз мұнда әкімдікті басып алмақ болған наразыларға полиция көзден жас ағызатын газ шашқан еді. Полиция адамдарға резеңке оқ та атқан. Азаттық тілшісі аяғы жараланған бірнеше адамды көрген.

Сәрсенбі күні таңертең наразылар Ақтөбе облысы әкімі Оңдасын Оразалиннің шығуын талап еткен. Алайда әкім келмеді. Қала әкімі Асхат Шахаров наразыларды сабырға шақырған.

Қалада қоғамдық көлік тоқтаған, интернет баяу, облыс әкімдігіне жақын дүкендер мен супермаркеттер жабық. Тек дәріханалар ашық.

  • 2 қаңтарда Жаңаөзенде газ бағасына байланысты басталған наразылық бірнеше күн ішінде Қазақстанның барлық-дерлік өңіріне жайылған. Алматы мен Маңғыстау облысында, Алматы облысында және Нұр-Сұлтанда 19 қаңтарға дейін төтенше жағдай жарияланды.
15:41 5.1.2022

Алматы орталығында атыс болып жатыр. Азаттық тілшілері жараланғандар барын айтады

Алматы әкімдігінің ғимараты. 5 қаңтар 2022 жыл.
Алматы әкімдігінің ғимараты. 5 қаңтар 2022 жыл.

Алматы қаласы әкімдігінің маңында жүрген Азаттық тілшілерінің сөзінше, белгісіз біреулер әскерилер қалдырып кеткен қаруларды алып, оқ ата бастаған. Азаттық тілшілері жараланғандар барын хабарлады. Әскерилер де оларға жауап ретінде оқ атқан. Қаладағы жағдай ушығып барады.

Тағы

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG