Accessibility links

Алматы көшесіндегі күзет. 7 қаңтар 2022 жыл.
Алматы көшесіндегі күзет. 7 қаңтар 2022 жыл.

Елде 5-7 қаңтар арасында не болды? Оқиғалардың толық хроникасы

5-7 қаңтар арасында Қазақстанда болған наразылық пен тәртіптсіздіктің хронологиясын осы парақшадан оқи аласыз.

12:31 6.1.2022

ҰҚШҰ Қазақстанға әскер жіберетінін мәлімдеді

Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы (ҰҚШҰ) Қазақстанға әскер жіберетінін ресми мәлімдеді. Бұл туралы ұйымға төрағалық ететін Арменияның премьер-министрі Никол Пашинян мәлімдеді.

6 қаңтар таңертеңн ҰҚШҰ ресейлік Интерфакс агенттігіне "Қазақстанға ұйым әскер жібергенін" хабарлаған.

Ресей мемлекеттік думасы ТМД бойынша комитетінің басшысы Леонид Калашников ҰҚШҰ күштері әскери инфрақұрылымдарды, "Байқоңыр" ғарыш айлағын, басқа да мекемелерді қорғамақ. Ол "жергілікті әскерилер бандалардың бетін қайтара алады" деген.

Қазақстан президенті Алматыда тәртіпсіздік күшейген тұста ҰҚШҰ-дан көмек сұраған. Ол Алматыдағы жағдайды "террористік бандалардың ісі" деді. Әлеуметтік желіде жұрт Тоқаевтың бұл шешімін сынап, шетел әскерін кіргізуге қарсы болып жатыр.

1992 жылы құрылған Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымына Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан кіреді. Оған негізінен Ресей үстемдік етеді.

13:03 6.1.2022

Ресейлік ақпарат агенттіктері мен "Vласть о главном" телеграм каналы "Хабар 24" телеарнасына сілтеме жасап, Алматыда бірінші және жетінші клиникалық аурухананың қоршалғанын хабарлады.

16:10 6.1.2022

Алматыдағы 6 қаңтардағы ахуал

Қазақстан билігі бүгін, 6 қаңтарда Алматыда антитеррорлық іс-қимыл жүріп жатқанын айтып, тұрғындарды көшеге шықпауға, үйде отыруға шақырып жатыр.

Алматы қаласы ІІД баспасөз қызметкері Салтанат Әзірбектің Азаттыққа айтуынша, өткен түні бір топ қарулы адам қалалық полиция департаментіне шабуылдап, басып кірмек болған, бірақ олардың бұл әрекеті жүзеге аспаған.

"Полицияның қарсылығынан соң жиырма шақтысының көзі жойылған, қазір қалада террористерге қарсы операция жүріп жатыр" деді Салтанат Әзірбек.

Азаттық радиосының тілшісі де бүгін, 6 қаңтарда орталық алаңға барып, ахуалды бақылаған. Ол әкімдік пен президент резиденциясы жанып жатқанын көрген. Маңайда атыс-шабыс байқалмайды. Журналистің айтуынша, әкімдік, резиденция маңындағы азық-түлік, киім-кешек дүкендері, банк бөлімшелері, ақша айырбастау орындары бүлінген, тоналған. Тілші резиденция жанынан атылған әскери оқ гильзаларын көрген.

Ал "Настоящее время" арнасының тілшілері Алматының орталық алаңында, әкімдік ғимаратының маңында шамамен екі жүздей демонстрант Жаңаөзен халқының қымбатшылыққа қарсы ұранын қолдап, жиналып тұрғанын көрген. Тілшілердің сөзінше, әкімдік әлі өртеніп жатыр және ол жерде өрт сөндірушілер де, полиция да, әскерилер де байқалмайды.

Tengrinews ақпарат агенттігі комендатураға сілтеп, Алматыдағы атыс кезінде көз жұмған құзырлы орган қызмектерлерінің саны 13-ке жеткенін, 353 қызметкер зардап шеккенін хабарлады. Қарсы тарапты «бандит топтары» деп атаған хабарламада шерушілердің шығыны туралы ақпарат айтылмаған.

16:12 6.1.2022

Шымкентте 30 шақты көлік, 5 автобус өртенген. Бүлінген әкімдікті жасақ күзетіп тұр, демонстранттар жоқ

6 қаңтар күндізгі жағдай бойынша, Шымкенттегі терезесі шағылған әкімдікті арнайы жасақ күзетіп тұр. Сол маңайда өртенген 20-30 шақты көлік, 5 автобус байқалды. Әр жерде қан ізі және атылған оқ-дәрі қалдықтары жатыр. Демонстранттар көрінбейді.

Азаттық тілшісі 6 қаңтарға қараған түні бір топ адам әкімдікті басып алуға талпынғанын, алыстан атыс даусын естігенін айтты. Шымкентте де "Метро" сауда үйі тоналған. Бірнеше банктің банкоматы сынған. Интернет жоқ. Телефон байланысы да өте әлсіз.

Тағы

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG