Қыркүйектің 17-сі, дүйсенбіде «Алға» оппозициялық партиясының жетекшісі Владимир Козлов, оппозиция саясаткері Серік Сапарғали, мұнайшы әрі азаматтық белсенді Ақжанат Әминовтің ісі бойынша өтіп жатқан сотта қылмыстық істің материалдарымен танысу жалғасты.
Сот отырысы Еуропарламент депутаты Пол Мёрфидің Жаңаөзен алаңында мұнайшылармен кездесуі туралы бейне жазбаны қараудан басталды.
АЙЫПТАУ ҚОРЫТЫНДЫСЫНДАҒЫ ТОП
Сотталушы Владимир Козлов оппозициялық саясаткер, театр режиссері Болат Атабаев екеуінің арасындағы 2011 жылдың жазында болған әңгімені тыңдағаннан кейін айыптаушы тараптың өзі мен оның жақтастарына қатысты «арам» деген сөзді қолданғанына наразылық білдірді.
«Республика» есімді твитт-репортер: «Козлов айыптау қорытындысында жазылған «Әблязовтің арам ниетті ұйымдасқан қылмыстық тобы» деген сөздерге наразылық танытып, мұндай сөздерге жол берілмеуін талап етті» деп жазады.
Твиттерде «Владимир Козлов стенограмма бойынша өз ескертулерін айтты» деп жазған «Алға» есімді блогердің жазуынша:
«Менің сөзімде «тексеруге» деген сөз емес, «шындығында, расында» деген сөз болған. Қорғаушылар үшін мұның мағынасы мүлде бөлек. Атабаевтың «Олар мұнай құбырын жарып жібермек» деген сөзінен кейін мен «Бұл терроризм бе?» деп айқайлап жібердім. Атабаев «Енді не деп едің?» деді. Стенограммада тыныс белгілері жоқ. Бұл - маңызды жайт. Нәтижесінде «ұйымдасқан қылмыстық топтың бейбіт митинг өткізу туралы арам ниеті» болып шыққан. Мұны кім жазды? Заңгерлердің жазбағаны анық, сірә, олар мұны оқымаған да болар. Бейбіт митингіде қандай арам ниет болуы мүмкін?» дейді Козлов..
Қазір Еуропада жүрген құқық қорғаушы Евгений Жовтис айыптаушы тараптың бұл сөзін былай түсіндірді:
- Мұндай сөздер отызыншы жылдары прокурор Вышинскийдің аузынан түспейтін сүйікті сөздері болатын. Мұндай сөздер әдетте саяси лексикада қолданылады, оппонент өзінің қарсыласына ашу үстінде айтуы мүмкін. Алайда мұндай сөздерді заң тәжірибесінде қолдануға болмайды. Айыптаушы тараптың мұндайды айтпақ түгілі, жазып отырғаны, кем дегенде екі нәрсеге мән бермейді деген сөз: біріншіден, отызыншы жылдардағы жағдайдың қайталануы, екіншіден, бұл іс - заң тұрғысынан қаралып жатқан процесс емес, саяси процесс.
АУДИОЖАЗБАЛАР
Cотта қуғындағы саясаткер және банкир Мұхтар Әблязов пен «Алға» партиясын Владимир Козлов қамауға алынған соң басқарған Михаил Сизовтың биыл жазда Skype арқылы сөйлескен сөздерінің аудиожазбасы да тыңдалды.
Михаил Сизов қауіпсіздік туралы, скайптың паролін күніне екі рет ауыстыру жайлы айтады. Ол аймақ белсенділерін 2010 жылы 30 сәуірдегі Мұхтар Әблязовпен болған Skype-конференция мен оның «билік келесі жылдың аяғына қарай құлауы тиіс» деген сөздеріне байланысты тергеуге сүйреп жатыр деп хабарлайды. Сизов Болат Атабаев пен Жанболат Мамайдың қамауға алынғанын айтты.
«Алға» есімді твитт-репортер «КНБ-дағылар өзінің сөзін жазып жатқан сәтте Сизов Skype арқылы Әблязовке: "КНБ-дағылар Skype-конференцияны жазып алыпты" дейді» деп мысқылдайды.
Твитт-репортерлердің барлығы "Әблязовтің дауысы мүлде естілмеді" деп жазады.
Бұдан кейін прокурорлар Михаил Сизов пен бұрынғы сот отырыстарының бірінде Владимир Козлов өзінің «идеологиялық кеңесшісі» деп атаған Мұратбек Кетебаевтің әңгімесінің аудиожазбасын қосты.
Прокурор аудиожазбаны қоспас бұрын «Мұратбек Кетебаев қысқартуға қарсы екенін және Михаил Сизов бәрін Мұхтар Әблязовпен шешкені жөн екенін айтты» деді.
Аудиожазбадан Сизовтың Кетебаевқа партия функционерлері қысқарту туралы жаңалықты қалай қабылдағаны туралы айтқаны естіледі. Сизов «Әблязов төрт-бес аймақты ғана қалдырып, Алматыда мықты партиялық ұйым құруды ұсынды» дейді. Кетебаев партия қатарын қысқартуды қолдамайтынын айтқан.
Бұдан әрі биыл 19 маусымда Сизов пен Әблязовтің арасында болған әңгіменің аудиожазбасы қайта қосылды. Ара-тұра естіліп қалғанымен, Әблязовтің дауысы анық шықпады.
Бұдан әрі биыл 19 маусымда Сизов пен Әблязовтің арасында болған әңгіменің аудиожазбасы қайта қосылды. Ара-тұра естіліп қалғанымен, Әблязовтің дауысы үзіліп кетіп жатты.
Мұхтар Әблязов 6 шілде жайында "былтырғыдай сыйлық жасау қажет" екенін айтқан.
«Республика» есімді твитт-репортер «Әңгімеге Сизов араласқанда бір құстың үні естіледі» деп жазады.
Михаил Сизов идеологиялық тактикаға түзету енгізу қажет екенін айтып: «Парламент те, Назарбаев та жаман. Мұның бәрі әбден мезі етті. Біз ұсыныс беруіміз керек. Қазір құр сынап отыра алмаймыз. Балама ұсынуға тиіспіз» дейді.
«БЕЛГІСІЗ МҰНАЙШЫМЕН» ӘҢГІМЕ
Айыптаушы тарап басқа да аудиожазбаларды қосып, прокуратураны әсіресе Владимир Козлов пен «Белгісіз мұнайшымен» (прокуратура Козловпен сұхбаттасқан адамды осылай атайды) әңгімесі қызықтырды.
Әңгіменің барысы мынадай: «Белгісіз» Владимир Козловқа телефон соғып, өзін «Жаңаөзенненмін" деп таныстырды.
Твиттерде «Белгісіздің» «Жігіттер сұрап жатыр...» деген сөзін келтіреді. Козлов оған «Немене, сонда ертең танк әкелеміз бе? Бұған жол жоқ. Ары қарай өздерің қимылдаңдар. Біз тек көмектесеміз» деп жауап берді.
Белгісіз «Онда жарайды» деп, әңгімені аяқтады.
Жаңаөзен мұнайшыларының 2011 жылғы ереуіліне байланысты «әлеуметтік алауыздықты қоздырды, конституциялық құрылысты құлатуға шақырды, ұйымдасқан қылмыстық топ құрды» деген айыптар тағылған Владимир Козлов, Серік Сапарғали және Ақжанат Әминов Ақтау қаласындағы түрмеде отыр. Олардың үстерінен қозғалған іс бойынша тамыздың 16-сында сот басталды. Бұған дейін куәгерлер мен сотталушылардан жауап алынып, қазір істің материалдарымен танысып жатыр.