Accessibility links

Алматының кей ауданында жылу жоқ


Жылу радиаторын ұстап тұрған адам. (Көрнекі сурет)
Жылу радиаторын ұстап тұрған адам. (Көрнекі сурет)

Алматыда 15 қазаннан бастап жылу берілгенімен, кей үйлерге әлі жетпеді. Қалалық басқарма бұған өздерінің кінәсі жоғын айтады.

Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ербол Шарманов қала жылу маусымына дайын екенін, қазанның 15-інен бастап жылу берілгенін мәлімдеген еді. Бірақ қаладағы кей аудандардың тұрғындары үйлеріне әлі жылу келмегенін айтып шағымданады.

«ОСЫ АПТАДА ҚОСАДЫ ДЕГЕН»

Алматы қаласының Бостандық ауданында тұратын Айзат Жарылқапова – үйіне жылу берілмеген тұрғынның бірі.

– Мен тұратын «Атакент» аймағына әлі жылу берілген жоқ. Күн жылы болғанымен түнде суып кетеді. Ыстық шай ішіп, көрпе қымтанып ұйықтап жүрміз. Пәтер
Станцияның жұмысын тексеріп жүрген адам. (Көрнекі сурет)
Станцияның жұмысын тексеріп жүрген адам. (Көрнекі сурет)
иелері кооперативі «жылу осы аптада беріледі» деген. Күтіп отырмыз, – дейді ол.

Алмалы ауданында тұратын Жамал Кеңғалиева да қазанның 15-і күні жылуды күткенімен әлі суық үйде отыр.

– Үш бөлмелі үйде тұрамын. Түн суық, үй суып кетеді. Үйде кішкентай балалар бар. Қазір арнайы жылыту құралын қосып отырмыз. Жылуды осы аптада беріп қалар. Бірақ жұмыс істейтін мектепте жылу бар, – дейді қала тұрғыны.

Қаладағы Медеу ауданының тұрғыны Қанат Қажыбаев та үйіне жылу берілмегенін айтады.

«ЖЫЛУДЫ ПИК-ТЕН СҰРАУ КЕРЕК»

Азаттық тілшісі тұрғындар шағымына байланысты қаладағы жылу жүйесі кәсіпорындарына жауапты мекемеге – Алматы қалалық энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасына хабарласты.

– Жылу қазанның 15-і күні берілді. Қаланың барлық аймағына жылуды жібердік. Ал ол жылуды ары қарай қосып, тарататын – пәтер иелері кооперативі. Солардан
Алматыдағы тұрғын үйлердің бірі. (Көрнекі сурет)
Алматыдағы тұрғын үйлердің бірі. (Көрнекі сурет)
сұрап білуге болады. Бір-ақ осы аптаның соңына дейін қала толық жылумен қамтамасыз етіледі, – деді басқарманың аты-жөнін атағысы келмеген маманы.

Азаттық тілшісі осыдан соң жылу берілмеген үйлердің кейбірінің пәтер иелері кооперативіне хабарласты. Айзат Жарылқапова тұратын Айманов көшесінің пәтер иелері кооперативі қызметкерінің айтуынша, «жылу балабақша, мектеп, ауруханаларға берілген, ал тұрғын үйлерге қазанның 18-іне дейін толық қосылады».

Ал қаланың басқа аудандарының тұрғындары үйлеріне жылу қазанның 15-і күні жеткенін айтты.

Алматы қаласы әкімдігінің мәліметі бойынша, 2013-2014 жылғы жылу маусымына дайындыққа бюджеттен 12 миллиард теңге бөлініп, қаладағы 22 километрге жуық жылу құбыры жөнделген.
XS
SM
MD
LG