Алматыдағы қоғамдық орындардағы Wi-Fі (Wireless Fidelity – сымсыз ақпарат таратудың жоғары жылдамдығы тәсілі) интернет қызметіне халықтың көңілі толмайды. Вокзалдарда интернет жылдамдығы төмен, ал әуежайдағы Wi-Fі – ақылы. Кафе, мейрамханаларда интернет қолдану үшін 500 теңгеге тамақ алуыңыз керек.
АҚЫЛЫ ИНТЕРНЕТ – ЖЫЛДАМ, ТЕГІНІ - БАЯУ
Алматылық Ардақ Құлтай - интернетті жиі қолданатын адамдардың бірі. Жұмысы да соған тәуелді. Барлық ісін интернеттің көмегімен бітіретін ол Алматыдағы Wi-Fі желілерінің жұмысына разы емес.
– Алматы қаласындағы қоғамдық орындардың біразында Wi-Fі бар. Өзім ірі сауда орындарында, автовокзал және темір жол вокзалдарында Wi-Fі пайдаланамын. Алайда ғаламтор қызметінің сапасын жақсы немесе нашар дей алмаймын. Әйтеуір тегін болғасын, шүкір деп, әлеуметтік желілерге кіріп аламыз, – дейді.
«Алматы-1» және «Алматы-2» теміржол вокзалдарында да Wi-Fi интернет орнатылған. Бұл жерлерде интернетті тегін және ақылы түрде пайдалануға болады. Тегін интернеттің жылдамдығы төмен, ал сатып алсаңыз жылдамдық қосып береді.
– Ақылы интернетті қолдансаңыз жылдамдығы жақсы. 300 теңге арнайы пароль беріліп, бір сағат пайдалана аласыз. Ал тегін интернетті де пайдалануға болады. Бірақ ол ақылы интернеттей емес, – деді теміржол вокзалының қызметкерлері.
Алматыдағы автовокзалдардың тек біреуінде – «Сайранда» ғана Wi-Fі интернет бар. Бірақ студент Уәлихан Қосанбайдың айтуынша, «Сайран» автовокзалындағы Wi-Fі интернетінің жылдамдығымен ірі сайттарға кіре алмайсыз».
– Әлеуметтік желілер мен түрлі чаттарға кіруге болады. Ал ірі ақпараттың порталдарға кіру мүмкін емес. «Сайранда» Wi-Fі бар деген аты ғана, жылдамдық жоқ және кейде жұмыс істемей қалады, – деді ол.
Автовокзал қызметкерлерінің айтуынша, ол жердегі интернеттің кейде жұмыс істемей қалатыны рас.
– Ол ауа райына байланысты. Әрі қоғамдық орын болғандықтан интернеттің жылдамдығы аса жоғары деп айта алмаймыз, – деді «Сайран» автовокзалының анықтама бөлімінің мамандары.
ӘУЕЖАЙДАҒЫ WI-FI
Алматы халықаралық әуежайында Wi-Fі – ақылы. Әуежай қызметкерлерінің айтуынша, интернеттің құны – жарты сағатына үш доллар (шамамен 500 теңге). Журналист Дина Ысқақтың айтуынша, «Алматы әуежайындағы Wi-Fі-ды қолдану мүмкін емес».
– Алматы әуежайында Wi-Fі атымен жоқ. Тегін тұрмақ, ақылысын таба алмайсыз. Қызметкерлерінен сұрасақ, «ақша төлеп пайдаланасыз» дейді. Ал ақшаны қайда төлеу керегін ешкім білмейді. Сырт елдерге жиі іссапарға шығып жүрмін. Бірақ Алматыдағы Wi-Fі қызметін қолданып көрмеппін. Қолдануға мүмкіндік те жоқ, – деді сұхбаттасымыз.
«ТАМАҚ АЛСАҢЫЗ, ИНТЕРНЕТ ТЕГІН»
Алматыдағы қырыққа жуық мейрамхана, кафелерде тегін Wi-Fі интернет бар. Бірақ тегін интернетті пайдаланудың өз талаптары бар. Мейрамханаларда Wi-Fі-ды ақысыз қолдану үшін кем дегенде 500 теңгеге тамақ алуыңыз керек. Кафелерде де талап сондай.
– Кафеде Wi-Fі – тегін. Бірақ тамаққа, сусынға тапсырыс берген келушілерге ғана интернетке кіру паролін береміз, – деді Алматыдағы кафелердің бірінің қызметкері Анна.
Алматыда «Mega» және «Рамстор» сауда орталықтарында ғана Wi-Fі жылдамдығы жоғары және қолдануы тегін. Ал қалалық және аудандық әкімдіктерде Wi-Fі жоқ.
Заңгер Болат Байбосыновтың ойынша, «кафелер мен мейрамханаларда «бізде Wi-Fi бар» деген жарнамалар ілініп тұрады. Ал қоғамдық орындар мен вокзалдар да ондай хабарлама жоқ. Жұртшылық сымсыз интернеттің бар екенін біле бермейді».
– Вокзал, бекеттердің қызметкерлері халық арнайы сұрап, іздеп бармаса бар екенін айтпайды. Негізі автовокзалдар мен вокзалдарда Wi-Fi бар екенінен хабар беретін ақпарат ілінуі керек. Әрі ол көрнекі жерде тұрғаны дұрыс. Бұдан бөлек, халықтың өзі вокзал, әуежайлардың анықтама қызметінен Wi-Fi бар ма, жоқ па – сол жайлы толық сұрап алғаны жөн. Бізде Wi-Fi туралы заң жоқ. Сонда да халық тегін интернет болса, қолдануға құқығы бар, – деді Азаттық тілшісімен сөйлескен заңгер.
Бұл тақырыпты автордың Facebook-тегі жеке парағында да талқылай аласыздар.
(Бұл мақаланы әзірлеуге Нұрмахан Ахметов те үлес қосты)