Қоғамдық көлік ақысы туралы ұсыныс
Астана қаласының әкімдігі қоғамдық көлікте жүру билеті бағасын қымбаттату туралы айтты. Ұсыныс иелері бұл шығынды өтеу үшін "әрбір тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық нысанынан 1,7 айлық есептік көрсеткіш (3800 теңге) көлемінде алым жинасақ, онда қаржының ашықтығын қамтамасыз ете аламыз" дейді. Астана әкімдігі бұған дейін осындай амалмен қоғамдық көлікті тегін ету жайлы жоспарын айтқан.