Бұл жайлы «Қазмұнайгаз» компаниясының басқарма директоры Данияр Тиесов қазанның 29-ында Астанада болған брифингте мәлімдеді.
Оның айтуынша, Атырау МӨЗ-ін қайта жаңарту «Жол картасы» бағдарламасы бойынша жүзеге асырылатын ең үлкен ауқымды жоба.
Ал 2015 жылға қарай Қазақстандағы барлық мұнай өңдеу зауыттары қайта жаңартылудан өтіп бітетін болады деп мәлімдеді Данияр Тиесов.
Журналистер тарапынан «Серіктес ретінде басқа талап білдірушілердің болғандығына қарамастан неге Sinopec Engineering таңдалып алынды?» деген сұрақтар да қойылды.
- Стратегиялық серіктесті таңдап, келісімшартқа қол қою үшін екі жылға жуық уақыт кетті. Жобаға қатысуға ниет білдіргендер арасында Қытайдан басқа, Жапонияның, Оңтүстік Кореяның, Еуропаның ірі компаниялары да болды. Ал Sinopec Engineering мердігерін таңдай отырып жобаны жүзеге асыруға қажетті қаржы мәселесі де шешілуде. Қаржыландырушы Қытай банкі. Көптеген мұнай-химия өнімдері сыртқа шығарылатын болады. Олардың дүниежүзілік рыноктағы басты тұтынушысы- Қытай екені белгілі. Ендеше, делдалдың көмегінсіз, тікелей тұтынушымен келісімшарт жасап отырмыз,- деді Данияр Тиесов.
ҚЫТАЙ ТАРАПЫНАН ЖҰМЫСҚА ҚАНША АДАМ ТАРТЫЛУЫ ҚАЖЕТТІГІН АНЫҚТАЙТЫН ЖҮЙЕ ДЕ БАР
Сондай-ақ, Данияр Тиесов егер компания жұмысты сапалы және дер кезінде орындаса «Қазмұнайгазбен» әрі қарайғы серіктестік жөнінде мәселе де қарастырылуы мүмкін екендігін айтты.Әрі оның айтуынша, құрылыс басталғанда 2500-ге дейін адам жұмысқа тартылатын көрінеді.
Бірақ өз кезегінде сөз алған Sinopec Engineering компаниясының бас директоры Чжу Хайсин құрылыс жұмыстары қауырт жанданған кезде, яғни 2012 жылы құрылыс алаңында 4000-ға дейін жаңа жұмыс орындары ашылатын болады деп хабарлады. Дегенмен ол «жұмыс жанданған кезде нақты қанша адам тартылуы қажеттігін анықтайтын біздің өз жүйеміз бар» деген ескерту де жасады.
АМӨЗ-ді қайта жаңарту кезінде кәсіпорын жұмысы үзіліссіз жалғаса беретін болады.
Зауытты қайта жаңартудың бірінші кезегінде, 2003-2006 жылдары ескі қондырғылар ауыстырылып, өндірілетін бензин мен дизелдік жағар май сапасын арттыруға қол жеткізілді.
«Қазмұнайгаз» мамандарының айтуынша, зауыттың екінші кезегін қайта жаңартуға бағытталған бұл жоба іске асырылса, өндірілетін тауарлық бензин сапасы «Еуро-4» стандарты дәрежесіне сәйкестендіріледі және оның құрамындағы бензолдың төмендеуі нәтижесінде мұнай өнімдерінің экологиялық залалы азаяды.Сөйтіп, жылына 133 мың тонна бензол мен 496 мың тонна параксилол өндірілетін болады.
Sinopec Engineering Атыраудағы хош иістендірілген көмірсутектер өндіретін жаңа комплексті 2013 жылға дейін тапсырып бітуге міндеттеме алып отыр.