Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев маусымның 20-сы күні дін саласындағы мемлекеттік саясаттың 2017-2020 жылдарға арналған тұжырымдамасын бекітті.
Құжатта зайырлы мемлекеттің діни бірлестіктердің ішкі істеріне араласпайтыны айтылған, алайда мемлекет "діни бірлестіктердің мазмұндық әрі қоғамдық қызметін реттеп және бақылап отырады, заңдар мен мемлекеттің мүдделерін сақтауын талап етеді".
Неге мемлекеттің дін саласындағы саясаты тұжырымдамасын жасау қажеттігі туды? Мемлекет дін саласын реттеуге неге ұмтылып отыр? AzattyqLIVE бағдарламасында осы және өзге сауалдарға дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің дін істері жөніндегі комитетінің төрағасы міндетін атқарушы Еркін Оңғарбаев жауап береді.
Орыс тілінде өтетін тікелей эфир хабары шілденің 25-і күні Астана уақытымен сағат 14:00-де басталады.
Сауалдарыңызды мына сілтемедегі форум арқылы жолдай аласыз.