Accessibility links

Мұнайшылар наразылығының шешімі қандай?


ОСС бас директоры Серік Әбденов аштық жариялаған мұнайшылардың тарқауын сұрап тұр. Ақтау, 19 қаңтар 2017 жыл.
ОСС бас директоры Серік Әбденов аштық жариялаған мұнайшылардың тарқауын сұрап тұр. Ақтау, 19 қаңтар 2017 жыл.

Маңғыстау облысында аштық жариялаған жүздеген жұмысшының жағдайы мен олардың талабын AzattyqLIVE құқық қорғаушы Маржан Аспандиаровамен талқылады.

Қаңтардың 5-сінен бері аштық жариялағандарын мәлімдеген ОСС мұнайшыларының саны осы апта 400-ден асты. Жұмыс берушінің дерегі бойынша, Ақтаудағы ОСС кәсіподағы кеңсесінде аштық жариялаған мұнайшылар саны - 292 адам. Бұған қоса, ОСС компаниясы директоры орынбасары Дүйсен Атшыбаевтың жұмысшылармен кездесу кезінде айтқан мәліметінше, Маңғыстау облысындағы Қаламқас кенішінде - 270 адам, Жетібай кенішінде 100- ге тарта адам «тамақ ішуден бас тартқан».

Оңтүстік Қазақстан облыстық ауданаралық экономикалық соты қаңтардың 4-і күні кеңсесі Шымкент қаласында орналасқан Қазақстан тәуелсіз кәсіподақтар конфедерациясын жабу туралы шешімін жариялаған болатын. Екі мыңдай адам еңбек ететін ОСС компаниясының жұмысшыларының көпшілігі - осы кәсіподақ мүшелері.

Сот шешімімен жабылған Тәуелсіз кәсіподақтар конфедерациясын тіркеуді талап етіп жатқан мұнайшылар наразылығының түпкі себебі неде? Бұл кәсіподақтың өзге кәсіподақтан айырмасы бар ма? Мұнайшылар наразылығын қалай шешуге болады? Парламент депутаттары мен атқарушы билік позициясына қандай баға беру керек? Мұнайшылардың алдағы жоспары, талабы қандай? Тәуелсіз кәсіподақтар конфедерациясы өкілдерінің өзі не дейді? Аштық жариялап отырған мұнайшылардың қазіргі жағдайы қалай? Осы және өзге де сұрақтарға құқық қорғаушы Маржан Аспандиарова жауап берді.

  • 16x9 Image

    Қасым АМАНЖОЛ

    Қасым Аманжол – Азаттық радиосының тв-продюсері. 1977 жылы Шығыс Қазақстан облысында туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетін, Жүргенов атындағы Өнер академиясының кино және телевидение факультетін аяқтаған. 20 жылдан астам Қазақстанның телевизия саласында істеп келеді. Авторлық бағдарламалардың, деректі фильмдердің авторы. «Шынның жүзі» сұхбаттар циклын, «Анық Абай» деректі сериалын, саясаткер Алтынбек Сәрсенбайұлы жайлы фильмдерді, 2014 жылы Шығыс Украинадағы соғыс пен Қырым туралы фильмдер түсірген. 2015 жылдан бері Азаттықта тікелей эфирлер жүргізіп, тележобалар жасайды. Телетоптың жұмысына продюсерлік істейді.

XS
SM
MD
LG