Accessibility links

Офшордағы қазақстандықтар


"Панамагейт" құжаттарындағы қазақстандықтар туралы талқылап отырған саясаткер Уәлихан Қайсаров пен Азаттық тілшісі Руслан Ербота. Астана, 11 мамыр 2016 жыл.
"Панамагейт" құжаттарындағы қазақстандықтар туралы талқылап отырған саясаткер Уәлихан Қайсаров пен Азаттық тілшісі Руслан Ербота. Астана, 11 мамыр 2016 жыл.

AzattyqLIVE хабарында Панамалық Mossack Fonseca заң фирмасының офшордағы есеп-шоттар жөніндегі құжаттарында аты-жөні әшкере болған қазақстандықтар жөнінде талқыланды. Хабар сарапшысы - қоғам белсендісі, экс-депутат Уәлихан Қайсаров болды.

Мамырдың 9-ы күні жарияланған әлемдегі саясаткерлер мен кәсіпкерлердің офшор-шоттары жайлы ақпараттарда Қазақстанның ондаған азаматының есімі аталды.

Олардың ішінде есімі Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың үлкен қызы, Қазақстан премьер-министрінің орынбасары Дариға Назарбаеваныкіне ұқсас «Dariga N. Nazarbayeva» деген адамның аты-жөні бар. Одан бөлек, ENRC металлургиялық кәсіпорны иелерінің бірі Патох Шодиев пен бизнесмен Марғұлан Сейсембаевтың офшорлары туралы деректер тарады. Офшорлық шоттар туралы тізімде Ерлан Сағадиев деген есім кездеседі. Қазақстанда Ерлан Сағадиев есімді білім және ғылым министрі бар.

Офшорлық шоттар туралы құжаттарда Серікжан Мәмбеталин деген азаматтың есімі де жүр. Қазақстанда азаматтық белсенді ретінде танылған Серікжан Мәмбеталин «әлеуметтік араздықты қоздырғаны» үшін сотқа тартылған болатын.

Бұған дейін жарияланып кеткен панамалық Mossack Fonseca заң фирмасының көпшілікке танымал тұлғалардың офшорлық іс-әрекеттері жайлы алғашқы деректерінде (сәуір) Дариға Назарбаеваның үлкен ұлы және Қазақстан президентінің жиені Нұрәлі Әлиевтің аты-жөні аталған еді. Ол биыл көктемге дейін Астана қаласы әкімінің орынбасары болып істеген.

«Панамагейт» аталып кеткен осы құжаттарға қатысты офшорлық іс-әрекеттері әшкереленген кейбір елдердің саясаткерлері қызметтен кетуге немесе жұртшылыққа құпия болып келген мәліметтерге қатысты түсініктеме беруге мәжбүр болды. Алайда бұл деректер Қазақстанда ешқандай реакция тудырған жоқ.

Бас прокуратура ICIJ материалдарындағы мәліметтерге қатысты Азаттық сауалына берген жауабында әшкере болған деректерге қатысты тексеру жүргізбейтінін хабарлап, оны «бұл материалдардың шығу көздері туралы қандай да бір шынайы мәлімет жоқ» деп түсіндірген.

AzattyqLIVE кейбір қазақстандықтардың офшорлық компанияларда сақтауы жайын экс-депутат Уәлихан Қайсаровпен талқылады.

AzattyqLIVE: Офшордағы қазақстандықтар (1-бөлім)
please wait

No media source currently available

0:00 0:22:55 0:00

AzattyqLIVE: Офшордағы қазақстандықтар (2-бөлім)
please wait

No media source currently available

0:00 0:20:19 0:00

XS
SM
MD
LG