- Іс қозғалып, күдікті қамауға алынғаннан кейін тергеуші оның мүлкін «кепілдікке» сол мезетте алуы тиіс еді. Бірақ тергеуші сот шешімі шыққан соң бір жарым ай өткенде ғана, яғни қылмыскерге сот шешімі 2-ші қыркүйекте шықса, ол мүлікке кепілдікті 15 қазанда ғана қойған. Осыны пайдаланған қылмыскер тарапы өз атына жазылған екі аутокөлікті басқа біреулердің аттарына аударып жіберген, - дейді қорғаушы Гүлмира Сантемірова.
Тере Байылданы адам жалдап өлтіртпек болған Рима Ахмедианова қазіргі таңда жазасын Алматы облысындағы колониялардың бірінде өтеп жатыр. Оның атында Қарағандыда екі бөлмелі пәтер бар екендігі анықталған. Алайда сот шешімі шықса да оның өзі кепілге 8 ай өтті дегенде алынған. Тере Байылда мұның өзі маған қарсы жасалып жатқан әрекет болды дейді.
- Бұл сот орындаушылары бір қозғалмайды. Олардың орындарына мен жүгіріп әлекпін. Не сонда, олар өз істерін білмесе де, білдей бір қызметте отыра бере ме? Өзім олардың қастарына еріп арттарынан қуып, "ау, ана пәтерді кепілдікке алсаңдаршы" десем, пысқырып та қарамайды. Менің ойымша бұлар да сол Ахмедианованың жақтастарымен келісіп алғанға ұқсайды. Өйткені, қашан барсам да әр нәрсені сылтауратып, құтылып кетеді.
Сосын облыстық сот әкімшілігіне шағымданып жүріп әрең дегенде бұған да қол жеткіздік. Оның өзінде өндіріспен айналысқан бірінші сот орындаушы Монтайбаевтан істі Әлімқұлов деген алып балаға бергеннен кейін ғана бірден екі күні ішінде әлгі пәтер кепілдікке алынды, - дейді Тере Байылда.
СОТ ОРЫНДАУШЫЛАРЫ ШЕШІМДІ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДЫҢ ҚИЫНДЫҒЫН АЙТСА, ПРОКУРАТУРА ОЛАР ӨЗ ІСТЕРІНЕ САЛҒЫРТТЫҚ ТАНЫТАДЫ ДЕЙДІ
Азаттық радиосының тілшісі өндіріспен айналысушы Қарағанды қаласы Октябрь ауданы сот орындаушыларының аймақтық учаскесіне хабарласып, мән жайды біліп көрді.
- Өндіріс ісі оңай шаруа емес, әсіресе қылмыстық істерден кейінгі өндіріс көп қиындықтар туғызады. Біріншіден біз барлық екінші деңгейлі банктерді тексеріп, оның есеп шоты, қаражаты болса соған кепілдікке салуымыз керек. Біршама уақыт сонымен кетті. Одан кейін ғана жылжымайтын мүлік орталығына сұрау жіберіп, оның атында жылжымайтын мүліктің бар-жоғы анықталады. Пәтері бары анықталғасын біз оның үйіне алғашында кіре алмай жүрдік. Ахмедианованың күйеуі ұстатпады. Содан кейін біз жазасын өтеуші Ахмедиановаға Алматы облысына хат жолдадық. Ол хатта өндіріс ісі жазылған. Ол онымен танысуы керек, оның да құқы бар ғой. Бәрі заңды болу керек, өйткені осындай талаптар қойылады. Осыдан кейін біз пәтерді саудаға қойып сатып, ақшасын Тере Байылдаға береміз, - дейді Октябрь ауданының сот орындаушысы Ноян Әлімқұлов.
- Сот шешіміне сәйкес, Тере Байылданың пайдасына моральдық шығын ретінде 1 миллион теңге, ал мемлекет пайдасына 74 мың теңге өндіріліп алынуы тиіс. Егер де Ахмедианованың атында мүлік болса, ол сол мезетте кепілге қойылуы керек еді. Облыстық прокуратурада сот орындаушылардың істерін қарайтын арнайы бөлім жұмыс істейді. Егер де олардың жұмыстарынан шалалық табылса, шара қолданылады, - дейді облыстық прокуратураның прокуроры Эльмир Күлкеев.
ҚАЛАЛЫҚ КОММУНАЛДЫҚ МЕКЕМЕ ТЕРЕ БАЙЫЛДАНЫҢ ПӘТЕРІН ОНЫҢ ӨЗ АТЫНА АУДАРУҒА АСЫҒАР ЕМЕС
Тағы бір айта кететін жайт, кезінде Тере Байылданың пәтерін жекешелендіруге қатысқан 5 адамның барлығы сотта тек куәгерлер ретінде ғана сұралған. Процестен кейін Тере Байылда қорғаушысы екеуі қаржы полициясы мен полицияға шағымданғанымен, олар қылмыстық іс қозғамаған. Қағаз жүзіндегі жазып берген жауаптарына сүйенсек, олар мұны куәгерлердің полицияға келіп, ағынан жарылып істеген қателерін мойындағынымен түсіндіреді екен.
- О заманда, бұл заман мынандай сөзді мен бірінші рет естуім. Қылмыстық кодекстен ондай заңды да таба алмадым. Бұл не сонда қылмысты бірінші істеп алып, сосын ағынан жарылса, оған жаза тағайындалмауы керек пе? Бірақ менің білуімше пәтерге құжаттарды дайындағандардың бірі қалалық әкімшіліктің Қасымханов деген шенеунігі, сол себептен де іс орнынан қозғалмай тұрған шығар деген қаупім бар, - дейді Тере Байылда.
Мүлікке кепілдіктің кештетіп қойылуы жөнінде істі жүргізген облыстық ішкі істер департаментінің тергеушісі Дмитрий Кавериннен сұхбат алу мүмкін болған жоқ. Сонымен қатар қылмыстық іске қатысы бар қалған адамдардың үстінен неге қылмыстық іс қозғалмайды деген сұрақтың да жауабын олар берген жоқ.
Тағы бір қызығы сот шешімі өткен жылы шықса да, Тере Байылда тұрып жатқан пәтер әлі сол өзін өлтірпек болған Ахмедианованың туысы Родионова деген азаматшаның атында жазылып тұрған көрінеді.
- Бұл дегеніңіз барып тұрған немқұрайлық қой. Атышулы сот процесі өтті. Сот та, ел де бәрін көріп білді. Енді сол тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы мекемесіндегілер пәтерді мемлекет меншігіне бірден қайтарып алулары тиіс еді. Бірақ ол болған жоқ. Жарты жыл сабылыстан кейін Тере Байылда олардың әрекетсіздігінен сотқа арызданды. Сәуір айында сот процесі болып, пәтерді мемлекет меншігіне қайтаруды бұйырды. Одан кейін бір қозғалыс болды дейсіз бе? Жоқ, Оны былай қойғанда сот шешімі жылжымайтын мүлік орталығына да берілген жоқ , - дейді қорғаушы Гүлмира Сантемірова.
Пәтер мемлекет меншігіне қайтып өтпейінше, Тере Байылданың қолындағы пәтерді жалдап тұру құжатының күші жоқ. Сол себептен ол көп жылдар бойы тұрып келген пәтерін өз атына жекешелендіре алмайтын болып отыр.
- Мен өз жерімде келімсектердің құлы боп отырмын. Менің енді әділдік сұрап шетелге баруым ғана қалды ма? Кеудемде шыбын жаным шыққанша күресем бұлармен, жан шыққасын не шара? Бір рет өлім аузынан қалдым. Бір түсінгенім Қазақстанда ақшаң немесе «крышаң» болмаса мен сияқты тақыр кедейлерге күн жоқ екен, - дейді Тере Байылда.
Бір рет ажалдан қалып, енді әділдікке жете алмай, табанынан тозып жүрген Тере Байылда өткен жылы Қарағанды облысы әкімінің халықпен өткен кездесуіне қатыспақшы болып, ол өтетін жерге барғанында оны полиция қызметкерлері отырыс аяқталғанша қамап қойған екен.