Соңғы рет шілде айының жалақысы “Гефест” КӨМҚ-на (көмір өндіруші мекемелер қауымдастығы) қарайтын мекемелердің жұмыскерлеріне кешіктіріліп, бөліп-жарылып берілген. Ал тамыздың айлығының төбесі әлі көрінер емес. Жұмыс беруші мұның басты себебі – әлемдік қаржылық дағдарыста дегенге сілтейді.
– Тамыздың айлығы 13 күнге кешіктіріліп отыр. Қазір дүние жүзінде қаржылық дағдарыс болып жатқанын білесіздер. 2009 жылдың басынан қауымдастыққа кіретін мекемелер қаржылық қиындықтарды бастан кешіруде. Қазір біз айлықты уақытында беруге барлық күшімізді салудамыз, – дейді “Гефест” КӨМҚ басқарушы директоры Олжас Оралов.
Дегенмен қалыптасқан жағдайды одан әрі күрделендіретін тағы бір жайт бар көрінеді.
– 2009 жылдың 1-ші тоқсанынан бастап қауымдастыққа кіретін мекемелерге тексеруші органдардың тарапынан белгісіз себептермен қысым жасала бастады. Сәуір айында “Мест-А” ЖШС-не қатысты қылмыстық іс қозғалып, біздің мекемелеріміз жаппай тексерілді. Ең қызығы, біздің кәсіпорындар мен аталған ЖШС арасында ешқандай байланыс жоқ, – дейді “Гефест” ҚӨМҚ құқықтық қамсыздандыру департаментінің бастығы Максим Абрамов.
Мұнан соң “Гефест” қауымдастығы заңсыз тексерістер өткізіліп қолбайлау болғанына наразылық танытып, сотқа арызданған. Сот осындай 20 оқиға бойынша берілген арыздардың 15-ін қанағаттандырып, оң шешім шығарған.
Алайда тексеруші органдардың “Гефест” қауымдастығына қызығушылығы мұнымен аяқтала қоймапты. Жақында қауымдастық басшылығына қатысты да қылмыстық іс қозғалған. “Гефест” өкілдері осының бәрі рейдерлік әрекеттер болуы мүмкін деп
– Қазіргі таңда қауымдастық пен оның басшылығына қатысты бірнеше қылмыстық істер қозғалып, тергеу амалдары жүріп жатыр. Тергеу ісі аяқталмайынша біреуді ақ, біреуді қара деп айта алмаймыз. Бірақ, оларға тағылып отырған айыптар – "жалған кәсіпкерлікпен айналысушылық" және "заңсыз жолмен табылған қаражаттарды заңдастыру". Бұл Қылмыстық кодекстің 192-ші және 193-ші баптары. Қазір барлық тергеу амалдары заң талаптарына сәйкес жүріп жатыр, – дейді Қарағанды облыстық экономикалық қылмыстарға қарсы күрес департаментінің тергеушісі Елдос Сағиев.
“Гефест” қауымдастығының басшылығы жұмысшылардың айлығын тезірек табуға тырысамыз дегенімен, қарыздан құтылатын уақытты анықтап айта алған жоқ. Ал кәсіподақ өкілдері болса, онсыз да тарылып тұрған заманда мұндай қысымға шыдамаймыз дейді.
– Біз қазір барлық мекемелерді аралап, жұмыскерлермен сөйлесетін боламыз. Айлық төленбесе, мәселені сот арқылы шешуге тура келеді. Қажет болса ереуіл жариялауға да барамыз, – дейді Көмір өндірісі жұмыскерлерінің кәсіподақ кеңесінің төрағасы Дмитрий Попов.
– Тамыздың айлығы 13 күнге кешіктіріліп отыр. Қазір дүние жүзінде қаржылық дағдарыс болып жатқанын білесіздер. 2009 жылдың басынан қауымдастыққа кіретін мекемелер қаржылық қиындықтарды бастан кешіруде. Қазір біз айлықты уақытында беруге барлық күшімізді салудамыз, – дейді “Гефест” КӨМҚ басқарушы директоры Олжас Оралов.
Дегенмен қалыптасқан жағдайды одан әрі күрделендіретін тағы бір жайт бар көрінеді.
– 2009 жылдың 1-ші тоқсанынан бастап қауымдастыққа кіретін мекемелерге тексеруші органдардың тарапынан белгісіз себептермен қысым жасала бастады. Сәуір айында “Мест-А” ЖШС-не қатысты қылмыстық іс қозғалып, біздің мекемелеріміз жаппай тексерілді. Ең қызығы, біздің кәсіпорындар мен аталған ЖШС арасында ешқандай байланыс жоқ, – дейді “Гефест” ҚӨМҚ құқықтық қамсыздандыру департаментінің бастығы Максим Абрамов.
Мұнан соң “Гефест” қауымдастығы заңсыз тексерістер өткізіліп қолбайлау болғанына наразылық танытып, сотқа арызданған. Сот осындай 20 оқиға бойынша берілген арыздардың 15-ін қанағаттандырып, оң шешім шығарған.
Алайда тексеруші органдардың “Гефест” қауымдастығына қызығушылығы мұнымен аяқтала қоймапты. Жақында қауымдастық басшылығына қатысты да қылмыстық іс қозғалған. “Гефест” өкілдері осының бәрі рейдерлік әрекеттер болуы мүмкін деп
Елдос Сағиев, Қарағанды облыстық экономикалық қылмыстарға қарсы күрес департаментінің тергеушісі. Қарағанды, 23 қыркүйек 2009 жыл.
қауіптенеді. Құқық органдарының өкілдері болса тексеру-тергеудің барлығы заң шеңберінде жүріп жатыр дейді.– Қазіргі таңда қауымдастық пен оның басшылығына қатысты бірнеше қылмыстық істер қозғалып, тергеу амалдары жүріп жатыр. Тергеу ісі аяқталмайынша біреуді ақ, біреуді қара деп айта алмаймыз. Бірақ, оларға тағылып отырған айыптар – "жалған кәсіпкерлікпен айналысушылық" және "заңсыз жолмен табылған қаражаттарды заңдастыру". Бұл Қылмыстық кодекстің 192-ші және 193-ші баптары. Қазір барлық тергеу амалдары заң талаптарына сәйкес жүріп жатыр, – дейді Қарағанды облыстық экономикалық қылмыстарға қарсы күрес департаментінің тергеушісі Елдос Сағиев.