Еуропа Одағындағы жеке деректерді қорғауға жауапты CNIL (Calculation of Cumulative Net Investment Loss) ұйымы осы аптада Германия, Франция, Италия, Ұлыбритания, Испания және Нидерландтың Google компаниясына қатысты зерттеу бастағанын мәлімдеді.
ЕУРОПА ОДАҒЫНЫҢ ПІКІРІ
Еуропалықтар Google компаниясының Youtube, Google+ және Gmail қолданушыларының деректер қорын біріктіруіне қарсы болып отыр. Олардың пікірінше, "бұл әрбір Еуропа азаматының жеке мәліметін қорғауға қауіп төндіреді".
Еуропа Одағы (ЕО) америкалық Google корпорациясының қолданушылардың жеке деректерін жинауы мен оны қолдануы қаншалықты заңды екенін анықтап көреді.
ЕО "егер корпорацияның кінәсі дәлелденсе, оған санкция саламыз" деген ескерту жасады. Бірақ нақты қандай санкция екені әзірге белгісіз.
Шағым иелері бұған қатысты алғашқы ескертулерін 2012 жылы қазан айында жасаған. CNIL жеке мәліметтер қорын қорғау саясатын еуропалық нормаға сәйкестіндіру үшін Google компаниясына үш-төрт ай уақыт берген.
The New York Times басылымы (NYT) "Бұл уақыт аралығында Google ешқандай да елеулі қадамдар жасамады" деп, CNIL ұйымының баспасөз мәлімдемесінен үзінді келтіреді.
Бұдан бөлек, ЕО мүшелері мен Google арасында кездесу де болған. Бірақ одан нәтиже шықпаған.
GOOGLE ЖАУАБЫ
NYT-тің жазуына қарағанда, "Google компаниясы бұл өзгерістер қолданушыларға қолайлы болу үшін жасалғанын айтып ақталған".
Бірақ CNIL бастаған шағым иелері Google қолданушыларының жеке бас деректері әртүрлі сервистерде жарнамалық мақсатта қолданылып, оларға қауіп төнетінін ескерткен.
Алайда Google деректерді қолдану саясатының Еуропа Одағы нормаларына сәйкес келмейтінін жоққа шығарып отыр.
"Біз деректерді қорғауға қатысты билікпен кеңесе отырып жұмыс жасадық және оны жалғастыра береміз" дейді компания.
NYT газетінің жазуынша, қазір алты мемлекет Google әрекетінің өз заңдарына сәйкестігін бағалауға тырысуда.
NYT "Мысалы, Францияда CNIL жеке деректер құпиясын бұзғандарға 300 мың еуродан астам немесе шамамен 385 мың АҚШ доллары көлемінде айыппұл сала алады. Бұл - алып Google үшін теңіздің тамшысындай қаржы. Кейбір мемлекеттерде құпияны бұзғандарды қылмыстық жауапкершілікке тартса, кейбірінде бұл мүмкін емес" дейді.
Басылымның жазуынша, "Еуропа Одағы елдері алғашқы ескертуді "елемеген" Google-ға енді сабақ болатындай санкция жасауға кіріскен сияқты".
Ал Googlе осы аптада компаниядағы жеке мәліметтерді қорғау саясатын қалыптастыруға үлес қосқан, компанияның жеке деректер құпиясы мәселелері бойынша бірінші директоры Элма Уиттенді басқа қызметке ауыстырды. Оның орнына техникалық директор Лоуренс Ю келді.
Жеке деректер қорын қорғауда алаяқтарға екі мәрте алданған Google компаниясы 2010 жылы қолданушылардың жеке мәліметтер қорын қорғаумен айналысатын 350 қызметкерден тұратын бөлім ашқан еді.