Accessibility links

Қазақстандағы «әлеуметтік лифт» жүйесі


Sicim SpA компаниясына жұмысқа кіру үшін өтініш әкелген жұмыссыз адамдар. Атырау, 3 ақпан 2009 жыл. (Көрнекі сурет)
Sicim SpA компаниясына жұмысқа кіру үшін өтініш әкелген жұмыссыз адамдар. Атырау, 3 ақпан 2009 жыл. (Көрнекі сурет)

Кейбір жас мамандар «Қазақстанда тамыр-танысың мен мықты сүйенішің болса ғана жайлы да жақсы жұмысқа орналаса аласың» дейді. Білімді жастарды жұмысқа алу барысында алалау бар екен Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев та айтқан. Ал сарапшылар «әлеуметтік лифт» институтын құру қажеттігін айтады.

Әлеуметтік лифт жүйесі білімді жастардың жағдайын жасап, олардың қызмет барасында өсуін қамтамасыз етуді көздейді. Қазақстанда жұмысқа орналасудың қиындығы мен теңсіздігі – жастардың ең басты мәселесі.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев бұл жайында сәуірдің 27-сі күні Қазақстан халқы ассамблеясының сессиясында сөйлеген сөзінде айтты. Ол «жастарға арналған әлеуметтік лифт жүйесін құрудың заңдық және әлеуметтік-экономикалық шараларын әзірлеуді» үкіметке тапсырды.

ШЕТЕЛДЕ АЛҒАН БІЛІМ КЕПІЛ БОЛА АЛМАДЫ

Мамандығы бойынша Қазақстанда жөні түзу жұмысқа орналасу үшін, қызметің өсу үшін шетелде алған білім де, магистрлік дәреже де, бірнеше тіл білу де кепіл бола алмайтынына Дарья Белкинаның көзі жетті.

Дарья Германияның Герд Буцериус атындағы заң университетінің магистратурасын «коммерциялық құқық және бизнес әкімшілігі» мамандығы бойынша бітірерден
Герд Буцериус атындағы заң университеті (Германия) магистратурасын бітірген Дарья Белкина.
Герд Буцериус атындағы заң университеті (Германия) магистратурасын бітірген Дарья Белкина.
жарты жыл бұрын, 2008 жылы «ҚазМұнайГаз» ұлттық мұнай компаниясының еншілес кәсіпорнына жұмысқа тұру үшін өтініш беріпті. Ол баспанасы жоқтығына қарамастан, Алматыдан Астанаға қоныс аударуға даяр болыпты.

Дарья Белкина «ҚазМұнайГаз» барлау-өндіру» компаниясының шақыруы бойынша екі мәрте Астанаға ұшып барып, арнайы сынақ тапсырып, екі сұқбаттан өтеді. Оның арғы-бергі жол ақысы мен сапар шығыны компания есебінен төленген.

Бірақ компания Дарьяны емес, қызметке онымен бірге конкурсқа қатысқан басқа бір жас жігітті алыпты.

Бұл жағдай «Ұлттық ақпараттық технологиялар» (ҰАТ) компаниясы бойжеткенді жұмысқа қабылдаған кезде де қайталаныпты. Дарья Белкина даму жөніндегі директор қызметіне бір ай сынақ мерзімімен қабылданған. Оның айтуынша, компания басшылығы бұл орынға Дарьямен қатар тағы бір үміткерді сынаған көрінеді.

Белгіленген сынақ мерзімі біткен соң компания басшысы бұл жұмысқа екінші үміткерді алатынын мәлімдепті.

ЖАҢА ҮЛГІ ЖӘНЕ ЕСКІ ПРОБЛЕМА

Қазақстан кәсіпкерлері тәуелсіз қауымдастығының президенті Талғат Акуовтың айтуынша, жұмысқа тұру немесе өз бизнесін ашу – шетелде өз қаражатына немесе мемлекеттік грантпен, оның ішінде «Болашақ» бағдарламасы бойынша оқып жатқандарға қарағанда, бизнесмендердің балаларына жеңілдеу.

Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттік төрағасы Әлихан Бәйменов Қазақстанда қазірдің өзінде түрлі салада «әлеуметтік лифт» жүйесі жұмыс істеп
Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттік төрағасы Әлихан Бәйменов "Ақ жол" партиясының басшысы кезінде. Алматы, 27 қыркүйек 2010 жыл.
Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттік төрағасы Әлихан Бәйменов "Ақ жол" партиясының басшысы кезінде. Алматы, 27 қыркүйек 2010 жыл.
жатқанын айтты. Бұл салаларды ол мемлекеттік және азаматтық қызмет, квазимемлекеттік сектор (мемлекеттің үлесі бар ұйымдар), құқық қорғау жүйесі мен жеке меншік корпоративтік сектор деп бөледі. Оның пікірінше, бұл салаларға жұмысқа орналасу барысында әр түрлі жағдай қалыптасқан.

Бәйменовтің айтуынша, Батыс елдерінің алдыңғы қатарлы оқу орындарында білім алғысы келетін жастарды қолдауға бағытталған арнайы бағдарламалар бар.

– Бұл тұрғыдан алғанда, Қазақстандағы жағдай ТМД елдерінен көш ілгері. Мұны халықаралық сарапшылар да мойындайды, – дейді Әлихан Бәйменов.

Ол «мемлекеттік қызметтегі озық іс-тәжірибені тарату мақсатында аймақтық хаб құру бастамасының қолдау табуы мен осы бағытта атқарылып жатқан шаруаларды» мұның дәлелі ретінде атады.

– Ашық конкурс жарияламай, мемлекеттік қызметте қандай да бір «әлеуметтік лифт» жүйесін құру туралы сөз қозғаудың өзі артық, – дейді Әлихан Бәйменов.

Оның пікірінше, бұл мәселенің түйткілді тұстары да жетерлік. Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттік төрағасы конкурстар өткізу мен мемлекеттік қызметке үміткерлерді іріктеуде жариялылықтың жеткіліксіздігін Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі де айтқанын еске салды.

Бәйменовтің айтуынша, Қазақстан президенті өткен жылы мемлекеттік қызметтің жаңа үлгісінің тұжырымдамасын бекітті. Ал агенттіктің өзі мемлекеттік қызмет
«Стратегия» әлеуметтік және саяси зерттеулер орталығының президенті Гүлмира Илеуова.
«Стратегия» әлеуметтік және саяси зерттеулер орталығының президенті Гүлмира Илеуова.
туралы заңның жаңа жобасын әзірледі. Әлихан Бәйменов заң жобасы парламент талқылауына биыл маусым айында түседі деп үміттенеді.

«Стратегия» әлеуметтік және саяси зерттеулер орталығының президенті Гүлмира Илеуова мемлекет арнайы бағдарламалар арқылы ауыл мен қаланың білім деңгейі арасындағы алшақтықты сәл де болса азайтуға тырысып жатқанын айтты.

Гүлмира Илеуова «ауыл жастарының көпшілігі шетел түгілі Қазақстанның өзінде білім алуға зар болып жүргенін» айтты.

- Осының салдарынан ауыл жастары жөні түзу жұмысқа орналасуға, қызмет барысында өсуге үміт ете алмайды, - дейді ол.

Азаттық радиосы «әлеуметтік лифт» институтын дамыту туралы дөңгелек үстел өткізді. Халықаралық «Болашақ» стипендианттары қауымдастығының басшылығы бұл пікірталасқа қатысудан бас тартты.

Орыс тілінде өткен дөңгелек үстелдің аудио нұсқасы:
please wait

No media source currently available

0:00 0:31:33 0:00
XS
SM
MD
LG