Қаңтардың 18-і күні Жаңаөзен қаласында Жаңаөзен ісіне қатысты куәгер болған, 23 жасында кісі қолынан қаза тапқан Александр Боженконың өліміне қатысты сот аяқталды.
ЖАРТЫЛАЙ МОЙЫНДАУ
Судья Махамбет Толтанов айыпталушылар Нұрсұлтан Түлешов пен Қуат Рызабековті қылмыстық кодекстің 103-бабы (денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру және абайсызда жәбiрленушiнiң өлiмiне әкеп соққан әрекеттер) мен 178-бап (тонау) бойынша айыпты деп танып, оларды алты және жеті жылға бас бостандықтарынан айыру туралы үкім шығарды.
Бұл туралы Азаттық тілшісіне, сотқа қатысқан «Республика» газетінің тілшісі Жанар Қасымбекова хабарлады.
Осыдан екі күн бұрын процестің жарыссөзі кезінде прокурор соттан айыпталушыларды екі бап бойынша айыпты деп танып, әрқайсысын 10 жылға бас бостандықтарынан айыруды сұраған.
Өз кінәсін жартылай мойындаған айыпталушылар 178-бап бойынша айыпты емес екендерін айтқан.
Александр Боженконың ағасы Виктор Боженконың адвокаты Венера Сәрсенбинаның сөзінше, зардап шеккен тарап «айыпталушыларды кешіргенін айтып, оларды бас бостандығынан айырмауды» сұраған. Бұдан бөлек, айыпталушылар моральдық өтемақы ретінде марқұмды соңғы сапарға шығарып салу рәсімі мен Александрдың мойнындағы несиесін (1 миллион теңге) толығымен өтеген.
"БҰЗАҚЫЛЫҚТЫҢ" ҚҰРБАНЫ
Боженкоға қатысты сот 2012 жылы қазан айында басталған еді.
Жаңаөзен ісі бойынша куәгер болған Александр Боженконың өліміне қатысты алғашқы ақпарат қазанның 15-і күні шықты. Ертеңінде Маңғыстау облыстық ішкі істер департаментінің (ІІД) баспасөз хатшысы Гүлзада Төлеуғалиева бұл жайтқа қатысты түсініктеме берді.
- Бұл - кәдімгі бұзақылық. Оқиға қазанның 7-сі күні болған. Ішіп алған Александр Боженко Жаңаөзендегі азық-түлік дүкендерінің біріне кірген. Оның алдында сауда жасап тұрған екі жігіттің 50 теңгесі жетпей қалған соң, Боженко қалтасынан 50 теңге алып, олар үшін төлей салған. Алайда бұл әрекет екі жігітке ұнамаған. Жігіттер сөзге келіп, дүкенге жақын маңдағы аулалардың бірінде өзара төбелескен. Екі жігіт Боженконы қатты соққыға жығып, нәтижесінде Боженко ауыр дене жарақатымен Жаңаөзеннің ауруханасына түсті. Қазанның 11-інде есін жимастан қайтыс болды, - деген облыстық ІІД баспасөз хатшысы Азаттық тілшісіне.
Төлеуғалиева «бұл оқиға мен Боженконың «Жаңаөзен ісіне» қатысты куәгер болғанының арасында еш байланыс жоқ» екенін айтқан.
Полиция қызметкері «айыптылардың өз кінәларын мойындағанын» да хабарлаған.
Іс материалдары бойынша айыпталушы Нұрсұлтан Түлешов пен Қуат Рызабеков екеуі Александр Боженконы аяусыз соққыға жығып, өліміне себепші болған. Бұдан бөлек екі азаматқа «Боженкодан 30 мың теңгесі (шамамен 200 доллар) мен ұялы телефонын тартып алғандығы» жазылған.
МАҢЫЗДЫ КУӘГЕР
Жаңаөзен оқиғасы бойынша өткен сотта бүркеншік атпен жауап берген екі куәгер өздерін көпке жария етіп, сотта берген жауаптарынан бас тартқан еді. Олар өздеріне қысым жасалғанын мәлімдеген. Солардың бірі 23 жастағы Александр Боженко болатын.
Александр Боженко бүркеншік атпен басқа бөлмеде жауап беріп жатқан кезде айыпталушылардың бірі оны танып қалып «Неге өтірік айтасың? Менен не жаманшылық көрдің?» деп сұраған.
Жаңаөзен оқиғасы бойынша сот өтіп жатқан кезде, сәуірдің 26-сы күні түсініктеме берген адвокаттардың бірі:
- Сол кезде Боженко шыдамай жылап жіберіп, кешірім сұраған. Бұдан кейін айыпталушының адвокаты куәгердің ашық түрде жауап беруі туралы судьяға өтініш берген. Алайда дәл сол кезде хатшы Боженконың қашып кеткенін хабарлады. Бірақ бүгін көпке көрініп, сот залына келген Боженко сол кезде қашпағанын, полиция қызметкерлері «сен бізді масқара еттің» деп бөлмеден алып кеткенін, Жаңаөзендегі полиция басқармасына апарып, содан қазір келген беті екенін айтты, - деген еді.
2012 жылы 4 маусымда Ақтауда Жаңаөзен оқиғасы бойынша айыпталған 37 адамға сот үкімі шықты. 3 адам ақталып, 5 адам рақымшылыққа ілінді. Сот мұнайшылар белсендісі Роза Төлетаеваны 7 жылға (кейін 5 жылға шегерілді), Талғат Сақтағановты 4 жылға соттады. Олардан өзге 10 адам 3 жыл мен 6 жыл аралығында бас бостандығынан айырылды.
2011 жылы желтоқсанның 16-сы күні Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласында толқу болып, ресми дерек бойынша ол оқиғадан 16 адам көз жұмған.

Адвокат Венера Сәрсенбинаның сөзінше, зардап шеккен тарап айыпталушыларды «кешіргенін айтып, оларды бас бостандығынан айырмауды» сұраған.