Accessibility links

«Жаңаөзеннен кейін Тәуелсіздік медалін таға алмаймын»


Мұхтар Мұхамбетжан, Жаңаөзендегі оқиғаға байланысты Тәуелсіздік медалінен бас тартқан қоғамдық белсенді. Сурет оның "Мой мир" желісіндегі парақшасынан алынды.
Мұхтар Мұхамбетжан, Жаңаөзендегі оқиғаға байланысты Тәуелсіздік медалінен бас тартқан қоғамдық белсенді. Сурет оның "Мой мир" желісіндегі парақшасынан алынды.

Шымкенттік азамат Мұхтар Мұхамбетжан Тәуелсіздіктің 20 жылдығына берілген мерейтойлық медальдан бас тартып, облыстық әкімшіліктің наградалармен марапаттау бөліміне апарып тапсырды.


«Мені осы наградаға ұсынғандардан алдымен кешірім сұраймын» деп басталатын үндеуінде Шымкент тұрғыны, мамандығы инженер, «Ел бірлігі» деп аталатын тәуелсіз газеттің бас редакторы Мұхтар Мұхамбетжан: «Үкімет әскерлері отандастарымды Тәуелсіздік күні атып өлтіріп жатқанда, дәл сол күні бұл биліктен медаль алуға менің ар-ұятым жібермейді... Бостандығым мен өмірімді бәйгеге тігіп, қазақ жастарының мыңдаған адамдық тәуелсіз одағын құрған жан ретінде Тәуелсіздіктің 20 жылдығында шеттен келген басқыншылар емес, қазақ полициясы қазақ азаматтарына оқ атқаны ашу-ызамды келтірді.

Мен бұл ісіме қатысты өмірімде билік тарапынан ұйымдастырылатын келеңсіз жайттар боларын сеземін, бірақ өз билігі масқаралаған елдің азаматы ретінде, қазақтың баласы ретінде мен бұл награданы мақтанышпен тағып жүре алмаймын» деп жазып, желтоқсанның 21-і күні медальді қайтарып берген.
Үкімет әскерлері отандастарымды Тәуелсіздік күні атып өлтіріп жатқанда, дәл сол күні бұл биліктен медаль алуға менің ар-ұятым жібермейді.

Азаттық радиосының поштасына келіп түскен осы үндеуден кейін Мұхтар Мұхамбетжанмен телефон арқылы әңгімелесудің сәті түсті.

- Мен осы үндеу бәріне де түсінікті болсын деп алдымен орыс тілінде жаздым, сосын, расын айтайын, бірден батылым жетпей төрт-бес күн ойландым, менің бала-шағам, ұл-қыздарым бар. Аз да болса қаражат түсіріп тұрған газетім бар дегендей.

Бірақ, енді адамда ұждан деген бар, ұлттық қасиет деген бар, ойлана келіп ақырында шешіп, үндеуді, медаль екеуін көмекшім Бауыржан арқылы беріп жібердім. Сөйтіп 23 желтоқсан күні медальдан құтылып қойдық, - деді Мұхтар Азаттық радиосына.

"Медальді қайтарғаннан кейін әкімшілік бірнеше рет шақырды, бірақ оған барып жатқан жоқпын" дейді Мұхтар.

Совет Одағының әскері сапында ауған соғысына қатысып, екі рет контузия алып, бір рет аяғынан жараланған, "Қызыл жұлдыз" орденімен марапатталған Мұхтар «Мен ананың баласынан айрылып жылаған қайғысының қалай болатынын, бейбіт күнде жақынын жоғалтудың қандай қасірет екенін жақсы білемін» дейді.
Мен ананың баласынан айрылып жылаған қайғысының қалай болатынын, бейбіт күнде жақынын жоғалтудың қандай қасірет екенін жақсы білемін.

Ауған соғысынан 1986 жылы оралған Мұхтар Мұхамбетжан 1987 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында қазақ жастарының тәуелсіз одағын құрып, ел тәуелсіздігі үшін күрес жүргіздім дейді. "Одақтың жарғысында Қазақстан тәуелсіздігін алған күні жұмысымызды тоқтатамыз деп жазған едік, дәл солай етіп, Қазақстан тәуелсіздік алған 1991 жылдың 16 желтоқсанында жұмысымызды тоқтаттық" дейді Мұхтар өткен күндерді еске алып.

Содан кейнігі жылдары Шымкенттегі қоғамдық-саяси істердің көпшілігіне белсене араласқан Мұхтар бірде билік қатарында қызмет етіп, енді бірде қызметтен қуылып, сотталып, талай құқайды бастан кешірген.

«Бірақ қалай болғанда да мен өз ұжданым мен ар-ұятыма қарсы келетін іске ешқашан барған жоқпын. Шенеунік болып тұрғанда да ел мүддесіне орайласпайтын жерде үндемей қалған емеспін» дейді Мұхтар Мұхамбетжан.

Толық сұқбатты төмендегі сілтеме бойынша тыңдаңыздар.

please wait

No media source currently available

0:00 0:12:48 0:00
Жүктеп алу
XS
SM
MD
LG