Азаттық радиосы тамыздың 1-і күні режиссер-мультипликатор Қайырғали Қасымовпен онлайн-конференция өткізді.
Қайырғали Қасымов 1967 жылы шілдеде Жамбыл облысы Шу қаласында туған.
1991-1994 жылдары Орал Таңсықбаев атындағы Алматы көркем-сурет училищесін суретші-мультипликатор мамандығы бойынша бітіріп шықты.
1994-1999 жылдары Темірбек Жүргенов атындағы қазақ ұлттық өнер академиясын режиссер-мультипликатор мамандығы бойынша тәмамдады.
1991 жылы Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясында «Сиқырлы айна» (режиссері Ғимұрат Бекішев), «Жыл басы» және «Қадырдың бақыты» (режиссері Қалдыбай Сиданов) мультипликациялық фильмдерінде еңбек жолын бастап, 2002 жылдан бері қоюшы режиссер ретінде 11 шақты анимациялық фильмдер жасады.
2005-2007 жылдары жасалған 37 сериядан тұратын қазақ әліппесінің «Әліпби» анимациялық жобасының авторы.
Беларусьте өткен аниматорлардың халықаралық «Анимаевка-2003» фестивалінің лауреаты. «Тарлан» тәуелсіз сыйлығының лауреаты.