Accessibility links

Оппозиция жиыны аулада өтті


"Демократиялық күштер жиыны"
please wait

No media source currently available

0:00 0:02:32 0:00

Оппозиция өкілдері "Демократиялық күштер жиынын" өткізді. Алматы, 12 шілде, 2013 жыл.

12 шілдеде Алматыда оппозиция өкілдерінің "Демократиялық күштер жиыны" өтті. Жиынға келгендер "саяси қуғын-сүргін жалғасып жатқанын" айтты.

Жиын кешігіп барып, түске таман басталды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, жиынды өткізу үшін алдын-ала келісілген ғимарат иелері ойларынан айнып қалған. Мұның алдында дәл осы жиынға қатыспақ болып жолға жиналған бірнеше аймақтағы белсенділер қаржы полициясына шақырылып, сұралған болатын. Шілденің 12-сі күні қаржы полициясы осы шараны ұйымдастырушылардың бірі Марат Жанұзақовты сұрауға әкеткен (оны жиын біткен соң босатты).

Ақыры жиынға қатысушылар оппозициялық "Азат" партиясы кеңсесінің ауласына келіп, шараны далада өткізуге мәжбүр болды.

Жиынға Жасарал Қуанышәлин, Рысбек Сәрсенбайұлы, Бақыт Түменова, Айдос Садықов, Ризада Жақыпбек, Ермек Нарымбаев сияқты қоғам белсенділері, журналистер, Алматы, Семей, Астана, Атырау, Ақтөбе, Шымкент, Орал қалаларынан жиналған ондаған адам қатысты.

ӘЛЕУМЕТТІК ЖӘНЕ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕР

Шараны журналист Рысбек Сәрсенбай, саясаткер Жасарал Қуанышәлин, "Аман-
Демократиялық күштер жиынын өткізушілер - (солдан оңға қарай) Гүлжан Ерғалиева, Жасарал Қуанышәлин, Бақыт Түменова, Рысбек Сәрсенбай. Алматы, 12 шілде 2013 жыл.
Демократиялық күштер жиынын өткізушілер - (солдан оңға қарай) Гүлжан Ерғалиева, Жасарал Қуанышәлин, Бақыт Түменова, Рысбек Сәрсенбай. Алматы, 12 шілде 2013 жыл.
саулық" қорының төрағасы Бақыт Түменова жүргізді.

Рысбек Сәрсенбай жиында әуелі бірнеше мәселені қозғайтын референдумға республика бойынша қол жинаудың нәтижесін жариялады.

Алматыда 16 наурызда референдум өткізу жөнінде жалпы республикалық жиын болған еді. Онда Қазақстанның Кеден Одағынан шығуы, жекешеленген банк мен ​кәсіпорындардың кейбірін мемлекетке қайтару, АЭС және ядролық қалдық банкін салу, зейнет жасын ұлғайтуға қатысты референдум өткізу мәселесі талқыланған. Журналист Сәрсенбайдың айтуына қарағанда, референдум өткізуге мыңдаған адамның қолы жиналған. Бұдан соң жиында референдумға қол жинауды жалғастыру мәселесі дауысқа салынып, көпшілік дауыспен оны ары қарай жалғастыруға шешім қабылданды.

"ОППОЗИЦИЯ БИЛІКТЕН ҚОРҚЫП ОТЫРҒАН ЖОҚ"

Жиында Қазақстанда "саяси қуғын-сүргіннің жалғасып жатқаны" жайында да айтылды.

Саясаткер Жасарал Қуанышәлин "жай ғана жиналудың мүмкін болмай бара жатқанын" айтып, оған бүгінгі жиынды өткізуге бірнеше рет кедергі жасалғанын мысал ретінде келтірді.

Бұл шараға қатысқан өзге азаматтар да соңғы уақытта құқық қорғау органдары
Оппозиция өкілдерінің жиыны. Алматы, 12 шілде 2013 жыл.
Оппозиция өкілдерінің жиыны. Алматы, 12 шілде 2013 жыл.
тарапынан тергеулер жиілегенін айыптады.

Жиында сонымен бірге елдегі демократиялық күштердің бірігу мәселесі сөз болды.

- Бүгінгі уақыттың өзі бірлесіп, оппозициялық күштердің топтасып, жұмыс істеу қажет екенін көрсетіп отыр. Күрес жалғасады. Оппозицияның биліктен қорқып отырған жағдайы жоқ. Демократиялық күштер бірігуі керек деген шешімге келдік, - деді «Жас алаш» газетінің бас редакторы Рысбек Сәрсенбайұлы Азаттық тілшісіне.

Оппозиция өкілдері "Демократиялық күштер жиыны" деп атаған іс-шара түс қайта резолюция қабылдап аяқталды.

Резолюцияда биліктің халықпен санасуы, елде саяси репрессияны тоқтату, Байқоңырда "Протон" зымыранын ұшуды доғару, саяси тұтқындардың (Вадим Курамшин, Владимир Козлов және "Шаңырақ" ісімен сотталған азаматтар) ісін қайта қарау сияқты талаптар қойылды.
  • 16x9 Image

    Мақпал МҰҚАНҚЫЗЫ

    1985 жылы дүниеге келген.
    2006 жылы Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және Әлем тілдері университетін бітірген.
    2007 жылдан бері Азаттық радиосының тілшісі.

    Мақпал жаңа технологиялар, блогосфера, жастар өмірі мен түрлі әлеуметтік мәселелер туралы жазады. Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуіңізге болады.

XS
SM
MD
LG