Accessibility links

Eurasia View: «Байқоңырдың тағдыры күзде шешіледі»


"Протон-М" зымыраны Байқоңырдан ұшып барады. 2 қыркүйек 2010 жыл.
"Протон-М" зымыраны Байқоңырдан ұшып барады. 2 қыркүйек 2010 жыл.

Eurasia View («Еуразия Вью») басылымы ақпанның 13-і күні Ресей мен Қазақстан арасындағы Байқоңыр дауы жайлы мақала жариялады.

Eurasia View-дің жазуынша, Қазақстан мен Ресей арасындағы Байқоңыр проблемасы тұйыққа тірелген.

Ақпанның 8-і күні Ресейдің бұқаралық ақпарат құралдары екі ел президенттері Владимир Путин мен Нұрсұлтан Назарбаевтың Мәскеудегі кездесуде Байқоңырдан ұшатын кезекті зымыран құрылысына керек қаржы проблемасын шешкені жайлы ақпараттар таратқан. Алайда мақала авторы Путин мен Назарбаевтың Байқоңыр мәселесі бойынша нақты қандай келісімге келгені жайлы мәлімет әлі де анық емес екеніне назар аударады.

«КҮЗДЕ ҚОЛ ҚОЙЫЛАТЫН ҚҰЖАТ»

Автордың зерттеуінше, Ресей мен Қазақстан басшылары Мәскеудегі кездесуде Байқоңыр проблемасын күзге дейін шегерген. Себебі одан бұрын Кеден одағы мүшелері (Беларусь, Ресей мен Қазақстан) Екатеринбург қаласында кездесуді жоспарлап отыр.

Ақпанның 8-і күнгі кездесуден соң Ресей басылымдарына сұхбат берген Нұрсұлтан Назарбаев: «Біз екі елдің арасындағы достық қарым-қатынас пен
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев (сол жақта) пен Ресей президенті Владимир Путин. Мәскеу, 8 ақпан 2013 жыл.
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев (сол жақта) пен Ресей президенті Владимир Путин. Мәскеу, 8 ақпан 2013 жыл.
әріптестікті нығайту үшін жаңа келісімдер жасауды жоспарлап отырмыз. Алдағы күзде Екатеринбургте жаңа келісімшартқа қол қоямыз деп үміттенемін» деді.

Мақала авторы Қазақстан президентінің күздегі келісімшарт неге қатысты екенін нақты айтпағанын ескерте келе: «Жаңа келісім Байқоңырға ғана қатысты ма, әлде жалпы әріптестік қадамдардың бір қыры ғана ма?» деген сауал қояды.

Ресей президенті Владимир Путин де «Қазақстан мен Ресей арасында көптеген мәселенің талқыланғанын, болашақта маңызды әріптестік жобалар күшейетінін» айтқан.

Бірақ екі ел басшысы да дауы көбейген «Протон-М» зымыраны туралы да, жаңа «Бәйтерек» ғарыш айлағының 2004 жылдан бері тоқтап тұрғанына байланысты та ақпарат берген жоқ.

«РЕСЕЙДІҢ ШЫҒЫНЫ»

Eurasia View-дің жазуынша, Байқоңыр проблемасы өткен күзде – Қазақстан ғарыш агенттігінің директоры: «Қазақстан Ресеймен Байқоңырға байланысты келісім-шарттарын бұзады» деп мәлімдеген кезде басталған.

Қаңтар айында Қазақстан үкіметі «2013 жылы Ресейдің пайда табу мақсатында ұшыратын «Протон-М» зымырандарын азайтамыз» деп мәлімдеген. Ресей
Байқоңыр. Ғалым Смағұлұлының карикатурасы. Алматы, 28 қаңтар 2013 жыл.
Байқоңыр. Ғалым Смағұлұлының карикатурасы. Алматы, 28 қаңтар 2013 жыл.
ғарышқа 17 зымыран ұшыруды жоспарласа, Қазақстан солардың 12-сіне ғана рұқсат беретінін айтқан.

Осыдан кейінгі кездесулерде Ресей «келісім-шарт бұзылса, біз 500 миллион доллар шығын шегеміз – сондықтан Қазақстанның талабын қабылдай алмаймыз» деді.

Екі ел арасында 2004 жылы жасалған келісім бойынша, Ресей Байқоңырда «Зенит» деп аталатын экологиялық жағынан залалсыз жаңа зымырын түрлерін ұшыратын ұшу алаңын бірлесіп салу жұмыстарын мойнына алған еді. Бірақ қазақстандық мамандардың шығынды қайта есептеуінен кейін одан бас тартқан.

Ресей осыдан кейін Сібірдегі жаңа ғарыш айлағында «Зенитті» ұшыруға қажет құрылыс жұмыстарын жалғастырып, оның шағын нұсқаларын жобалауға кірісті.

Мәскеудің Байқоңырды 1994 жылы жалдап, ғарыш айлағын 2050 жылға дейін толық пайдала беруге рұқсат алғанын жазған Eurasia View «енді Байқоңырдың тағдырына қатысты ең соңғы мәлімдеме үш ел (Беларусь, Ресей және Қазақстан) бірігіп өткізетін Кеден одағының кездесуінде белгілі болады» деп болжайды.
XS
SM
MD
LG