Accessibility links

Жаңаөзен оқиғасына 40 күн толды


Жаңаөзен құрбандарын еске алу
please wait

No media source currently available

0:00 0:01:28 0:00

Тәуелсіздік ескерткішінің алдында «Жас тұлпар» ұйымының мүшелері Жаңаөзен құрбандарын еске алды, Алматы, 25 қаңтар 2012 жыл.

Жаңаөзен оқиғасының қырық күндігіне орай Қазақстанның түкпір-түкпірінде еске алу шаралары өтіп жатыр.


Азаттық радиосының тілшілерінің хабарлауынша, Қазақстанның әр өңірінде кешеден бері Жаңаөзен оқиғасының қырық күндігіне орай қаза тапқан азаматтарды еске алу шаралары өтіп жатыр.

Бірақ Жаңаөзен тұрғындары сол қырық күндік шараны бірлесіп өткізе алмай отыр.

«Жаңаөзендіктердің көпшілігі қаңтардың 23-інен бастап қаза тапқан азаматтардың қырқын өткізіп жатыр. Бірақ қаладағы қатаң тәртіпке орай, олар бір-бірінің үйлеріне еркін кіріп, туыстарының қырқын бірге беруге қорқып отыр» деп хабарлады осы аймақтағы тілшіміз қаңтардың 25-і күні.

Мұндай шаралар кешеден бері Алматыда да өтіп жатыр. Қаңтардың 24-і күні Қазақстандағы демократиялық күштердің жиынынан соң Жаңаөзенде қаза тапқан марқұмдарға Құран бағышталып, ас берілді.

Ал бүгін Республика алаңындағы тәуелсіздік монументінің қасында 1963 жылы Мәскеуде құрылған "Жас тұлпар" ұйымының өкілдері, атап айтқанда мәдениеттанушы Мұрат Әуезов, демограф Мақаш Тәтімов Жаңаөзен оқиғасына қатысты пікірлерін айтты. Мұрат Әуезов Жаңаөзен оқиғасы кезінде адамдарға қарсы оқ атылуын қылмыс деп бағалайтынын білдірді. Ұйым мүшелері құрбан болғандарға арнап жеті нан таратты.

Астанадағы «Ғылмани» мешітінде де Жаңаөзен оқиғасы құрбандарының қырқы берілді. «Парламентаризмді дамыту қорының» президенті Зәуреш Батталованың айтуынша, асқа жиналған қауым Астанадағы «Сәдуақас Ғылмани» мешітіне барып құран оқытпақ болған кезде мешіт өкілі жұртты үлкен залға жібермей, мешіттің кіре берісіндегі бөлмеге кіргізген.

Батталованың айтуынша, мешіт өкілдері құран оқыған кезде Жаңаөзен оқиғасы құрбандарының аттарын атауға да қарсы болған.

- Мұндай жағдайға орай мешіт имамдары тіпті құран оқуға да қорыққан болулары керек. Бізге мешіттің өз молдасы оқиды деген еді. Бірақ ол келмегендіктен мешіттің жанындағы медресенің ұстазы келіп оқыды. Мешіт өкілдері саясат айтпауды өтінді, - Зәуреш Батталова.

Қаңтардың 24-і күні Орал қаласындағы Абай атындағы алаңда «40 күн», «Жаңаөзенде құрбан болған азаматтардың туыстарының қайғысына ортақпыз» деген жазуы бар плакат ұстаған бір топ азамат «Жаңаөзендегі бейбіт тұрғындардың өлтірілуіне наразылықтарын» білдірді.

Оралдағы еске алу
please wait
Embed

No media source currently available

0:00 0:01:12 0:00
  • 16x9 Image

    Мақпал МҰҚАНҚЫЗЫ

    1985 жылы дүниеге келген.
    2006 жылы Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және Әлем тілдері университетін бітірген.
    2007 жылдан бері Азаттық радиосының тілшісі.

    Мақпал жаңа технологиялар, блогосфера, жастар өмірі мен түрлі әлеуметтік мәселелер туралы жазады. Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуіңізге болады.

XS
SM
MD
LG