Шілденің 20-сы күні Жаңаөзен қалалық сотында бұрынғы әкім Жалғас Бабахановқа қатысты сот үкімі оқылды. Бабаханов сот залынан бірден босатылды.
Ақпарат агенттіктерінің хабарлауынша, «Бабаханов қылмыстық кодекстің 307-бап 3-бөлімі («қызметтік өкілетін асыра пайдаланды») бойынша кінәлі деп табылып, екі жыл шартты жазаға кесілген».
«Оған сонымен бірге үш жыл бойы өз саласы бойынша қызметпен айналысуға тыйым салынды» деп жазады ақпарат құралдары.
Тергеу кезінде прокуратура алты айыптау пунктінің төртеуін алып тастаған.
БАБАХАНОВТЫҢ «АЙЫПТАРЫ»
Жалғас Бабаханов – Жаңаөзен қаласын 1999-2009 жылдар аралығында Орақ Сарбөпеевке дейін басқарған әкім.
Ол Жаңаөзен оқиғасынан кейін, 2012 жылы қаңтар айында қамауға алынып, үстінен қылмыстық іс қозғалды. Мамыр айында қаржы полициясының ресми өкілі Мұрат Жұманбай «қызметтік өкілетін асыра пайдаланды» және «Жанашыр» қорының қаржысын жымқырды» деп айыпталған Жалғас Бабахановқа қатысты тергеу аяқталды деп мәлімдеді.
Мұрат Жұманбайдың айтуынша, тергеу 2005 жылдан бастап «Қазмұнайгаз» Барлау Өндіру» компаниясы мен Жаңаөзен қалалық әкімшілігі және әкімшіліктің уәкілетті органы болып есептелетін «Жанашыр» халықты әлеуметтік қорғау және қолдау қоры арасында демеушілік көмек көрсету туралы жыл сайын келісім-шарт жасасып отырғанын анықтаған. Осы келісім шарт негізінде«Қазмұнайгаз» Барлау Өндіру» компаниясы Жаңаөзен қаласының әлеуметтік инфрақұрылымын дамытуға қажетті қаражат бөліп келген.
Келісім-шартқа сәйкес, бөлінген қаражаттар жөндеу жұмыстары мен инженерлік желінің дамуына, жағдайы төмен отбасылар мен мүгедектерге, зейнеткерлерге, соғыс ардагерлеріне, түбіркүлезге шалдыққандар мен өзге де көмекке зәру адамдарға сонымен бірге құқық қорғау органдарын техникалық қамтамасыз етуге жұмсалуы тиіс болған.
– Алайда Бабахановтың тікелей нұсқаулығымен бөлінген қаражаттың бір бөлігі өз мақсатына қарай жұмсалмаған, – деді Мұрат Жұманбай.
Қаржы полициясының мәліметі бойынша, Бабаханов қызметтік өкілетін асыра пайдаланып, жеке кәсіпкердің сауда орнын жөндеу (демонтаж) кезінде кеткен шығынды өтеу үшін кәсіпкерге «Жанашыр» қор есебінен төрт миллион теңгені бөлу туралы нұсқау берген. Экс-әкімге сонымен бірге құны алты миллион теңге тұратын пәтерді жағдайы нашар азаматтар қатарына кірмейтін Жаңаөзен қалалық әкімшілігінің қызметкеріне алған деген айып тағылған.
Бұдан бөлек, алдын-ала тергеу бойынша Бабахановтың «құқық қорғау органдарын техникалық қамтамасыз ету» шығын бабы бойынша қордың қажеттілігіне деп 2,6 миллион теңгеге көлік алу туралы, 4,1 миллион теңгеге пәтерді кеңсеге беру жөнінде, «ұсақ-түйек шығындар» бойынша 9,3 миллион теңгеге екі жеңіл көлік алу туралы «Жанашыр» қорына заңсыз нұсқау бергені анықталғаны» да айтылған.
ЖАҢАӨЗЕННІҢ БАБАХАНОВҚА ДЕЙІН АҚТАЛҒАН ӘКІМІ
Маусымның 22-сінде Жаңаөзен қаласының тағы бір бұрынғы әкімі, қаланы Жалғас Бабахановтан соң, 2009-2012 жылдары басқарған Орақ Сарбөпеевке де сот үкімі шыққан. Ақтау қаласындағы Маңғыстау облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот оны ақтап, сот залынан босатқан.
Сот өкілдері Сарбөпеевтің ісінен қылмыс табылмағанын, кінәсіз деп танығанын айтқан.
Жаңаөзен қаласының бұрынғы әкімі Орақ Сарбөпеевке алғашында үш бап бойынша айып тағылған еді: «пара алды» (қылмыстық кодекстің 311-бабы), «қызметтік өкілетін асыра пайдаланды» (307-бап) және «қылмысқа дайындалды және қылмыс жасауға оқталды» (24-бап).
Ал Жаңаөзен оқиғасына орай сотқа тартылған 37 айыпталушының үкімі 2012 жылы 4 маусымда шықты: 3 адам толық ақталды, 5 азамат рақымшылыққа ілінді, 16 сотталушы шартты жазаға кесілді, 13 адам түрлі мерзімге бас бостандығынан айырылды.