Accessibility links

Журналистерді Шетпенің орнына мәйітханаға апарды


Қысқы киімде қару асынған ішкі істер әскерінің бөлімшесі "Қазақтелеком" ғимаратына кіріп барады. Ақтау, 21 желтоқсан 2011 ж.
Қысқы киімде қару асынған ішкі істер әскерінің бөлімшесі "Қазақтелеком" ғимаратына кіріп барады. Ақтау, 21 желтоқсан 2011 ж.

Жұмыстан шығарылған мұнайшылар Қазақстанның басқа аймақтарына жұмысқа барудан бас тартты. Маңғыстау облысында билік журналистер мен саясаткерлерді Жетібай ауылының тұрғындарымен сөйлестірмей қойды. Бүгін журналистерді Шетпедегі ахуалмен таныстыруға уәде еткенімен, тілшілерді Ақтаудағы мәйітханаға алып барды.


ЖАҢАӨЗЕН КОМЕНДАНТЫ

Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласының коменданты полковник Аманжол Қабылов желтоқсанның 21-і Жаңаөзенге келген журналистер үшін өткізген брифингте желтоқсанның 16-сы болған тәртіпсіздіктер салдарынан, соңғы ресми деректер бойынша, 14 адам қаза болып, 99 кісінің жарақат алғанын хабарлады.

– Сегіз адам қамауға алынды. Бес кісі Жаңаөзенде жаппай тәртіпсіздіктер ұйымдастырған деген күдікпен ұсталды, – деді полковник Қабылов.

Оның айтуынша, қаза болған 55 адам туралы ақпарат «расталған жоқ». Аманжол
Жаңаөзен қаласының коменданты, полиция полковнигі Аманжол Қабылов. Жаңаөзен, 21 желтоқсан 2011 жыл.
Жаңаөзен қаласының коменданты, полиция полковнигі Аманжол Қабылов. Жаңаөзен, 21 желтоқсан 2011 жыл.
Қабылов тергеу амалдары барысында көптеген қару-жарақ, соның ішінде атыс қарулары тәркіленгені туралы да айтты. Және оларды БАҚ өкілдеріне көрсету туралы берген уәдесін де орындады. Бірақ, ол үшін журналистерге Жаңаөзенде тағы екі сағат аялдауға тура келді. Журналистер тобына Жаңаөзенде түнде қалуға рұқсат бермейтіндіктен, тілшілерге түнеу үшін Ақтауға баруға мәжбүр болды.

Жаңаөзенде жаппай тәртіпсіздіктер болған күні полицияның қашып бара жатқан адамдарға қалай оқ атқанын көрсететін интернетте жарияланған видеоға қатысты түсінік беруін сұраған Азаттық тілшісінің өтінішіне комендант: «бұл деректермен Қазақстан ішкі істер министрлігінің өзіндік қауіпсіздік тергеу тобы айналысып жатыр» деп жауап берді.

Жаңаөзен базарындағы жеміс-жидек пен көкөніс қатары. 21 желтоқсан 2011 ж.
Жаңаөзен базарындағы жеміс-жидек пен көкөніс қатары. 21 желтоқсан 2011 ж.
Брифинг кезінде Жаңаөзен коменданты Аманжол Қабылов журналистерге қалада байланыстың, соның ішінде мобильдік телефон байланысының қалпына келіп, дүкендер мен қала базарының жұмыс істей бастағандығын хабарлады.

Журналистер коменданттың бұл сөзі шындыққа сай екендігіне көз жеткізді. Рас, кейбір дүкендер әлі жабық тұр, кейбіріне терезелеріне темір тор орнатып жатыр, ал базарда көптеген сөрелер бос тұр. Жеміс пен көкөніс бағасы шамамен Алматыдағыдай. Қалада жұмыртқаның бір данасы 300 теңгеден сатылған-мыс деген сыбыс шындыққа сай болмай шықты – дүкендерде жұмыртқаның бір данасы 25 теңгеден сатылып жатыр екен.

АҚТАУДАҒЫ ІШКІ ӘСКЕР

Желтоқсанның 21-і күні таңертеңнен Ақтауда әуежай мен өзге де стратегиялық нысандар қарулы күзетке алынды деген ақпарат тарады. Бұл ақпараттың рас-өтірігін толық анықтау мүмкін болмады. Әйткенмен, таңертеңгі сағат 10-дар шамасында, интернетке қосылған компьютерлері бар баспасөз орталығы
Жаңаөзен қалалық ішкі істер басқармасы ауласында тұрған бронетранспортер. 21 желтоқсан 2011 ж.
Жаңаөзен қалалық ішкі істер басқармасы ауласында тұрған бронетранспортер. 21 желтоқсан 2011 ж.
орналасқан «Қазақтелеком» ғимаратына келген Азаттық тілшілері әлгі ақпарат ішінара растығына көз жеткізді.

Әуелі автоматтар асынған ішкі істер министрлігінің бірнеше сарбазы «Қазақтелеком» ғимаратының есігі алдында тұрды. Бұл жерде неге тұрғанын сұраған Азаттық тілшілеріне олардың бірі «күзетті күшейту үшін» деп жауап берді.

Үстіне жай киім киген бір адам олармен сөйлескен соң, олар сап түзеген өзге сарбаздармен бірге «Қазақтелеком» ғимаратын айналып, сырт жағынан ішіне енді.

Қауіпсіздік тәртібінің күшейтілуі Жаңаөзен мен Шетпедегі оқиғаларды зерттеу үшін желтоқсанның 21-і күні таңертең Алматыдан Ақтауға барған қоғамдық комиссия
Тіркелмеген "Алға" оппозициялық партиясының жетекшісі Владимир Козлов (оң жақта) полиция ққызметкерімен сөйлесіп тұр. Ақтау, 21 желтоқсан 2011 ж.
Тіркелмеген "Алға" оппозициялық партиясының жетекшісі Владимир Козлов (оң жақта) полиция ққызметкерімен сөйлесіп тұр. Ақтау, 21 желтоқсан 2011 ж.
мүшелеріне де әсер етті.

«Азат» жалпыұлттық социал-демократиялық партия басшыларының бірі Болат Әбілов пен тіркелмеген «Алға» оппозициялық партиясының жетекшісі Владимир Козлов және басқа да комиссия мүшелері Ақтаудың орталығындағы Ынтымақ алаңында наразылық білдіріп тұрған жұртпен кездескен соң, Маңғыстау облысы әкімінің кеңсесіне кірмек болған еді. Бірақ қарулы полиция тобы олардың алдын кес-кестеп, жолын бөгеді. Әйткенмен, шамамен 15 минуттан соң – телефон арқылы әлдекіммен сөйлескеннен кейін – өзін таныстырғысы келмеген полиция полковнигі комиссия мүшелеріне облыстық әкімшілік ғимаратына кіруге рұқсат берді.

«ЖҰМЫСТЫ БАСҚА АЙМАҚТАН БЕРЕМІЗ»

Желтоқсанның 21-і күні Жаңаөзен мен Шетпедегі оқиғаларды зерттеу үшін Алматыдан барған қоғамдық комиссия мүшелерін Маңғыстау облысындағы Жетібай кентіне кіргізбей қойды. Бұл туралы «Азат» жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының бас хатшысы Әміржан Қосанов телефонмен хабарлады:

– Маңғыстау облысы әкімшілігіндегі кездесуде бізге Жаңаөзен қаласына баруға рұқсат берген еді. Біз бес автокөлікпен жолға шықтық. Жол-жөнекей бізге
"Азат" жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының төрағасы Болат Әбілов Ақтаудағы алаңда наразылық білдіріп тұрған жұртпен сөйлесіп тұр. Ақтау, 21 желтоқсан 2011 ж.
"Азат" жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының төрағасы Болат Әбілов Ақтаудағы алаңда наразылық білдіріп тұрған жұртпен сөйлесіп тұр. Ақтау, 21 желтоқсан 2011 ж.
Жетібайда тұрғындар жаңаөзендік мұнайшыларды қолдаған акция өткізіп жатыр деген хабар жетті. Бүгін күн өте суық, азынаған жел соғып тұрғандықтан, біз сол ауылға кіріп, мұндай суық күні наразылық жиынын тоқтата тұрып, үйлеріне қайтуға көндірмек болдық. Бірақ ауылға жетпей бізді жол полициясы тоқтатып, жүргізушінің құжатын алып қойды. Сонан кейін жол полициясы бізді Ақтауға кері қайтуға мәжбүр етті.

Сол күні Жаңаөзен қаласының мәселелері жөніндегі үкіметтік комиссияның ресми өкілі, Маңғыстау облысы әкімінің кеңесшісі Жанна Ойшыбаевның бирфингі өтті. Ол Жетібай кенішінде наразылық болғаны туралы ақпарат «шындыққа сай емес» деп мәлімдеді.

Жанна Ойшшыбаеваның айтуынша, комиссия комиссия жұмыстан «заңды босатылған» мұнайшыларды еңбекке орналастыру жөнінде жоспар әзірлеген. Оларға Қазақстанның, негізінен тау-кен және мұнай-газ саласындағы өзге ірі кәсіпорындарынан жұмыс ұсынылып отыр.

Алайда наразылық танытушылардың көпшілігі бұл ұсынысқа келіспейтіндерін айтады.

– Мен Маңғыстау облысында дүниеге келдім, осында ержеттім және осы жерде
Ақтаудағы алаңда наразылық білдіріп тұрғандардың бірі, Ғалым есімді жұмыстан шығарылған мұнайшы. 21 желтоқсан 2011 ж.
Ақтаудағы алаңда наразылық білдіріп тұрғандардың бірі, Ғалым есімді жұмыстан шығарылған мұнайшы. 21 желтоқсан 2011 ж.
өлсем деймін. Қарағанды немесе басқа аймақтың маған не керегі бар? Ешқайда бармаймын, мені бұрынғы жұмысыма қайта алсын. Ал мені жұмыстан заңсыз шығарды деп санаймын, – деді Ақтаудағы алаңда наразылық білдіріп тұрған Ғалым есімді жұмыстан шығарылған мұнайшы.

Оның сөзінше, еңбек дауының шешілер түрі көрінбейді, ал биліктің «ымыраға көнбей отырған мұнайшыларды ерікті-мәжбүрлі түрде Қазақстанның әр қиырына шашыратып қоныстандыру ниеті жағдайды тек одан сайын ушықтырып, наразылықтың бұрынғыдан бетер күшеюіне апарып соғуы мүмкін».

Дәл осыған ұқсас пікірді Азаттық тілшілері сол күні Жаңаөзен қаласына келгенде жергілікті тұрғын әйелден – жеті баланың анасынан да естіді.

АЛТЫНШЫ ПАЛАТА

Журналистерге Ақтау қаласындағы Маңғыстау облыстық ауруханасы да көрсетілді. Қазір онда басқа адамдармен бірге, желтоқсанның 16-сы күні Жаңаөзен қаласында болған тәртіпсіздіктер кезінде зардап шеккендер де емделіп жатыр. Солардың бірі, нан зауытында күзетші болып істеген 18 жастағы Айғожа Қалмановты
Желтоқсанның 16-сы күні Жаңаөзен қаласында болған тәртіпсіздіктер кезінде зардап шеккен Айғожа Қалманов. Ақтау ауруханасы, 21 желтоқсан 2011 ж.
Желтоқсанның 16-сы күні Жаңаөзен қаласында болған тәртіпсіздіктер кезінде зардап шеккен Айғожа Қалманов. Ақтау ауруханасы, 21 желтоқсан 2011 ж.
журналистермен жолықтырды. Ол сол қолынан жарақат алыпты.

Айғожа Қалманов журналистерге тәртіпсіздіктерді жап-жас азаматтар бастады мәлімдеді.

– Олар менен шамамен екі жастай кіші, бұрын ешқашан көрген адамдарым емес.

Облыстық аурухана бас дәрігерінің орынбасары Нұрлан Мұқанов осы ауруханадағы алтыншы палатада Жаңаөзендегі тәртіпсіздіктер барысында басынан ауыр жарақат алған полиция қызметкері жатыр деп хабарлады. Бірақ, дәрігерлік құпияны алға тартқан Нұрлан Мұқанов емделуішінің аты-жөнін, қызметі мен шенін айтудан бас тартты. Ол қазіргі уақытта науқастың бірқалыпты ауыр халде жатқанын, алайда денсаулығы оңалып кетеді деген үміт барын айтты.

Желтоқсанның 22-і күні Ақтауда жүрген батыс және алматылық журналистерді жергілікті билік өкілдері қалалық мәйітханаға алып барды. Осының қарсаңында журналистерді Шетпедегі ахуалмен таныстыруға уәде еткен еді. Онда желтоқсанның 17-і болған қақтығыста кемінде бір адам қаза болғаны мәлім.

Алайда, билік Шетпенің орнына мәйітханаға апаруды жөн санапты. Бұған дейін билік орындары Ақтау мәйітханасында Жаңаөзеннен жеткізілген ондаған адамның денелерін жасырып отыр деген қауесет тараған еді. Алайда, соңғы ресми ақпаратта, Жаңаөзендегі оқиғалар салдарынан 15 адамның қаза болғаны айтылған.
  • 16x9 Image

    Қазис ТОҒЫЗБАЕВ

    Қазис Тоғызбаев 2008 жылғы қыркүйектен бастап өмірінің соңына, яғни 2021 жылғы 28 ақпанға дейін Азаттықтың Алматыдағы тілшісі ретінде еңбек етті. Азаттыққа дейін оппозициялық "Сөз" және "Азат" газеттерінде, kub.info сайтында тілші болған.

XS
SM
MD
LG