Accessibility links

Президент Медведев жаңадан Солтүстік Кавказ әкімшілік аумағын құрды


Ресей президенті Дмитрий Медведев (сол жақта) пен вице-премьер, президенттің Солтүстік Кавказ федералды округіндегі өкілі Александр Хлопонин. Мәскеу, 19 қаңтар 2010 жыл.
Ресей президенті Дмитрий Медведев (сол жақта) пен вице-премьер, президенттің Солтүстік Кавказ федералды округіндегі өкілі Александр Хлопонин. Мәскеу, 19 қаңтар 2010 жыл.

Ресей президенті Дмитрий Медведев қаңтардың 19-ы күні Солтүстік Кавказдағы жеті аймақты біріктіретін жаңа әкімшілік бірлігін құрды. Оның басшысы әрі президенттің өкілі болып Сібірдің бұрынғы басшысы Александр Хлопонин тағайындалды.


ЖАҢА ОКРУГ ЖЕТІ МҰСЫЛМАН ЕЛІН БІРІКТІРДІ

Ресей президенті Дмитрий Медведев сейсенбі күні күтпеген жерден Солтүстік Кавказ федералды округін құрды.

Оңтүстік федералды ауданынан бөлініп шыққан округке жеті мұсылман елі – Дағыстан, Ингушетия, Қабарды-Балқар, Қарашай-Черкеш, Солтүстік Осетия, Шешенстан және Ставрополь өлкесі кіріп отыр. Ал Краснодар өлкесінің Адыгей аймағы Калмыкия сияқты Оңтүстік федералды аудан құрамында қала беретін болды. Ресей президенті Красноярскінің бұрынғы басшысы 45 жастағы Александр Хлопонинді жаңа федералды округтің басшылығына ұсынып, оның мәртебесін премьер-министрдің орынбасары деңгейіне өсірді.
Ресейдің Красноярск өлкесінің басшысы болған Александр Хлопонин. 28 наурыз 2009 жыл.


Ресей президентінің Кавказ аймағына ұсынған өкілі қажет болған жағдайда бұл өңірдегі республикалардың жетекшілері үшін де өкілетті адам ретінде Кремлдің мүддесіне жұмыс істейтін болады. Бірақ сарапшылар жаңа басшы Оңтүстік федералды ауданындағы президенттің өкілі, Ресейдің бұрынғы бас прокуроры Владимир Устиновпен жұмысты үйлестіре алады ма деген сауал қояды.

Президент Медведев өзінің бұл қадамын осыдан екі ай бұрын Федералды Кеңесте көтерген Солтүстік Кавказдағы проблемалармен ақтап отыр. Бұл жағдайда ол бірінші кезекте аймақтың артта қалған экономикасын көтеру, жұмыссыздық және жоғары деңгейдегі сыбайлас жемқорлық мәселесін алға тартты.

Көбіне тынышсыз Солтүстік Кавказ аймағы мен Ставрополді бір топқа қосқанда Медведев болуы мүмкін мүдделер қайшылығына жол бермеді.

Сейсенбі күні Ресей жетекшісі жаңа Кавказ әкімшілігін құрғанда, одан нақты не күтетіні туралы егжей-тегжейлі ештеңе айтпады. Ол "Хлопонин вице-премьер ретінде аймақтың экономикалық мәселесін реттеуі керек" деді. Бірақ сонымен қатар ол жекелеген тағайындаулар, қауіпсіздік жағдайы мен құқық тәртібі жайында тікелей президентке есеп беріп отырады.

Кейбір сарапшылар Медведевтің жаңа округті басқаруға Шешенстан президенті Рамзан Қадыров немесе қорғаныс министрі Сергей Ивановты емес, Хлопонинді таңдағанына таң қалысты. Бұл екеуі де ингуш олигархы Михаил Гуцериев сынды болуы мүмкін кандидаттар еді.

МАЗАСЫЗ АЙМАҚТЫҢ ПРОБЛЕМАЛАРЫ

Саяси талдаушы Заинди Чаутаев Азаттықтың орыс қызметіне берген сұхбатында, Медведев таяуда террористерді қолға түсіру қажеттілігі жайында айтқанында, өзінің осыны жасай алатын адамды тағайындайтынын ескерткен деді.

Кейін оның орнына президент Медведев жергілікті басқару қабілеті шамалы ресмилерді қолға алып, аймақтағы жемқорлықты ауыздықтағанды дұрыс көріп отыр дейді Чаутаев:

«Дәл қазіргі уақытта Солтүстік Кавказ жетекшілері іс жүзінде қоғам, жергілікті халық алдында ешнәрсеге жауапты емес».

Хлопонин Солтүстік Кавказ өңіріне толығымен танымал болмауы мүмкін. Бірақ "Панорама" орталығының басшысы Владимир Прибыловский, өзіне ол басшылыққа лайық адам сияқты әсер қалдырды деді Азаттық радиосына айтқан пікірінде:

«Біздің басшыларымыздың ішіндегі шамамен 10-ы әкімшілік және экономикалық талантымен ерекшеленген, және коррупциялық жанжалдарға қатысы жоқ. Хлопонин осы аз ғана топтың қатарында», - дейді Прибыловский.

Хлопонин бұған дейін әуелі Таймыр автономиялық облысын басқарды, кейін, 2005 жылдан бастап Красноярск өлкесіне басшы болып келген.

Солтүстік Кавказ елінің жетекшілері болса, Хлопониннің тағайындалуына байланысты пікір білдіруге асықпады.

Шешенстан президенті Рамзан Қадыров екпінді пікір білдірмей, егер мемлекет басшысы Александр Хлопонинға сенім артқан болса, демек оның аймақтағы проблемаларды шешуге тырысатын мүмкіндігі бар деді.

Хлопонин экономикалық мәселелерге баса назар аударатын болады деген Қадыров жаңа округтің құрылуы Солтүстік Кавказдағы өмір сүру деңгейін жақсартады деп үміттенетінін, бірақ болуы мүмкін инвесторларды тоқтатып қоюы мүмкін деген қаупін жеткізді. Десе де бас пәтері Пятигорскте болатын Хлопонинге Рамзан Қадыров Шешенстанға келуді ұсынған.

Сонымен қатар Қарашай-Черкеш республикасының басшысы Солтүстік Кавказ ауданын құру қажет уақытысында болып отыр деді. Ол Хлопонин аймақтағы әлеуметтік-экономикалық ахуалды жақсартады деп сенеді.
XS
SM
MD
LG