Етжеңді келген, мінезі құбылмалы әрі қызба Александр Музычко Украинаның «Оңшыл сектор» («Правый сектор») деп аталатын ұлтшылдар қозғалысының ең танымал мүшелерінің бірі еді.
Еуромайдан кезінде 51 жастағы Музычко түсірілген бірқатар видео әлеуметтік желілерде жарияланған. Оның бірінде Музычконың жергілікті прокуратура қызметкерлеріне қол жұмсағаны, тағы бірінде қолына Калашников қаруын ұстап депутаттардан шерулерде қаза болғандар үшін өтемақы талап етіп тұрғаны бейнеленген.
Еуромайдан ұйымдастырушыларының көпшілігі шеру қозғалысының бейбіт сипатта болуын сақтап қалуға барын салғанда, Александр Музычко мен Дмитрий Ярош бастаған «Оңшыл сектордың» басқа да мүшелері қазір биліктен қуылған президент Виктор Януковичтің режиміне қарсы қарулы күреске шақырған.
Музычко «Қолына Калашников қаруын ұстаған адам – оқ атуға шақыратын адам» деген делінеді.
Қаза болардан бір апта бұрын Азаттық радиосы Украин қызметінің тілшісімен сөйлескен Музычко үкіметтің Қырымды Ресей аннексиясынан қорғай алмауы жайлы ызалы пікірін білдірген еді.
«Билік мобилизациялануға бұйрық беріп, әскерді жоғары дайындық күйінде бұрыннан ұстауы керек болатын. Себебі, қазір елімізді басып алды. Бөтен әскери жасақтар еліміздің бір бөлігін басып алды. Олар Қырымды басып алып, біздің жасақтарымызды арандатып отыр. Бөтен әскердің арнайы бөлімшелері және диверсанттар Қырымды жаулап алған. Егер әлдекімдер Украинаға қарсы соғыс енді басталды десе, қателеседі. Украинаға қарсы соғыс 1991 жылы басталған және содан бері жалғасып келеді, себебі Ресей Украинаны басып алмайынша тынбайды».
Еуромайдан шерушілерін «орыстар мен еврейлерді қыруды көздеген неонацистер мен фашистер» деп көрсеткісі келген Ресей билігі үшін «Сашко Белый» деген лақап атпен танымал болған Музычко аса ыңғайлы тұлға болатын. Оның Украина ішінде де, сыртында да жаулары болған. Ол өлтірілген уақытта Украинаның ұйымдасқан қылмысқа қарсы күресетін бөлімшесі оған қатысты тергеу жүргізіп жатқан.
Бұған қоса, осы айда Ресей билігі Музычконы тұтқындауға халықаралық ордер шығарған болатын. Ресей оған 1994-1995 жылдары шешен сепаратистеріне қарсы соғыста жиырмаға жуық ресейлік әскериді азаптап, өлтірген деген айып тағылған.
«Оңшыл сектор» мен, әсіресе, оның лидері Дмитрий Ярош Украинада Виктор Януковичтің биліктен қуылуын өз әрекетінің жемісі ретінде көрсеткісі келген.
Алайда кейбір ресейлік ақпарат құралдары Украинада мамыр айында өтетін президенттік сайлауға қатысады деп хабарлаған Ярошпен, кейде тіпті Музычкомен уақытша үкімет мәмілеге келе алмай-ақ қойды.
(Ағылшын тілінен аударған – Әзина Мақұлжан)