Accessibility links

Стамбулда "ТМД жасөспірімдерінің ИМ қосыны" жойылды


ИМ содырларының қолына түскендерді жазалап жатқаны туралы бейнебаянның скриншоты. Көрнекі сурет
ИМ содырларының қолына түскендерді жазалап жатқаны туралы бейнебаянның скриншоты. Көрнекі сурет

Түркия полициясы Стамбулда Өзбекстан мен Тәжікстаннан шыққан жасөспірімдерді ИМ үшін дайындайтын орталықтың жойылғанын хабарлады. Бұл ақпаратты Түркиядағы «Өзбек бірлігі» ассоциациясының бастығы теріске шығарады.

Hurriyet газетінің хабаралуынша, полицейлер Стамбулдың Пендик ауданындағы қосынның көзін жойған. Оларға әуеден тікұшақтар қолдау жасап, басып алу шаралары басқа мекен жайлар бойынша да жүрігізілген. Операция кезінде ұсталған 53 өзбекстандық пен тәжікстандықтың 24-інің жасы 18-ге толмағаны анықталды. Олар полицияның жасөспірімдер жөніндегі бөліміне орналастырылса, қалған ересектері антитеррорлық бюроға жеткізілген.

Антитеррорлық бюроның мәліметінше, жаттығу қосындары Стамбулдың шығысында тұратын Өзбекстан мен Тәжікстан азаматтары жалға берген жертөлелерде ұйымдастырылған. Ол жерде балаларға «Ислам мемлекеті» содырлар ұйымы туралы түсіндіріліп, ИМ-нің бақылауындағы территорияға жөнелтуге дайындалғаны айтылады.

Түркиядағы «Өзбек бірлігі» ассоциациясының басшысы Адем Чевик Азаттықтың Өзбек қызметіне берген комментариінде ұстау операциясы жүзеге асырылған Стамбулдағы оқу орталығында да, медреседе де жасөспірімдердің ИМ үшін дайындалғаны туралы ақпаратты жоққа шығарды.

«Мен бұл орталыққа күнде барамын. Онда Өзбекстандағы диктатурадан қашқандар Құран оқиды, басқа білім беру курстары бар. Бұл адамдардың «Ислам мемлекетіне» қатысы барлығын дәлелдейтін айғақ жоқ. Медреседен де Құран мен таспиықтан басқа ештеңе таппады. «ИМ» - исламның жауы және медресенің бұл ұйымға ешқандай қатысы жоқ»,-деді Адам Чевик.

Соңғы айларда әлеуметтік желілерде ИМ-ге қосылған Қазақстан, Өзбекстан мен Тәжікстан азаматтарының балаларын жаттықтырып жүргені туралы роликтер пайда бола бастаған еді.

«Настоящее время» бағдарламасының репортажын тәржіме еткен - Сәния Тойкен.

XS
SM
MD
LG