Accessibility links

Ресейдің Белгород қаласы маңында мұнай қоймасы өртеніп жатыр. 1 сәуір 2022 жыл.
Ресейдің Белгород қаласы маңында мұнай қоймасы өртеніп жатыр. 1 сәуір 2022 жыл.

Украинадағы соғыс. 28 наурыз - 3 сәуір аралығында не болды?

Украинадағы соғыс жайлы барлық ақпаратты осы парақшадан таба аласыз.

2 сәуір – Украинадағы соғыстың 38-күні. Негізгі оқиғалар:

  • Киев облысында Украина әскері Ресей армиясы тастап кеткен елді мекендерді бақылауына алып жатыр.
  • Жұма, 1 сәуірде Ресейдің Белгород қаласы маңындағы мұнай қоймасы атқылауға ұшырады. Ешкім зардап шекпеген. Ресей тарабының айтуынша, қойманы Ресей аумағына кірген украиналық екі тікұшақ атқылаған. Украина қорғаныс министрлігі оқиғаға қатысы жоғын айтты.
  • Бішкекте милиция Ресей басқыншылығын айыптаған наразыларды ұстады.
  • Украина бас прокуратурасы соғыс басталғалы бері елде 158 бала қаза болғанын, 254 бала жаралғанын айтты.
  • АҚШ әкімшілігі НАТО бойынша одақтастарымен Украинаға совет танкілерін жіберу мәселесін талқылап жатыр.
  • Ресей әскері Чернобыль АЭС аумағынан шығып, Ресейдің Белгород облысына жол тартты. Украина күштері орыс әскері қайта шабуылға дайындалу үшін топтасып жатыр деп санайды.
  • Запорожье облысында тараптар тұтқындармен алмасты.
  • Украина Жоғарғы радасы басқыншылықты қолдаған ресейліктердің мүлкін мемлекет меншігіне қайтаруды көздейтін заң қабылдады.
  • АҚШ сауда министрлігі Ресей басқыншылығына байланысты Ресей мен Беларусьтің 120 ұйымына экспорттық санкция салады.
  • ЮНЕСКО Украинадағы соғыста әлем мәдениеті үшін маңызды кемінде 53 мәдени нысан бүлінді не қирады деп мәлімдеді.

Украина мен Ресей Қызыл крест халықаралық комитетінің көмегімен Мариуполь қаласынан бейбіт тұрғындарды эвакуациялау үшін "гуманитарлық дәліз" ашуға келісті.

Мариуполь 1 наурыздан бері Ресей әскерінің қоршауында қалған. Қала билігі Ресей әскерінің шабуылынан кемі 5 мың адам қаза болды деп мәлімдеді.

Ресей президенті Путин Украина әскері қаладан шықпайынша Мариупольді қоршаудан босатпаймыз деп отыр.

"Отанымызды қалпына келтіруіміз керек". Қоршаудағы Мариупольде қалған жұрт
please wait

No media source currently available

0:00 0:01:57 0:00

31 наурыз. Қазірге дейін не болды?

  • Ресей қорғаныс министрлігі Украинамен келіссөзге қатысқан ресейлік топ өкілдерінің "келіссөз процесін жеделдету үшін Мәскеу Киев пен Чернигов маңынан әскерін әкететіні" туралы айтқан сөзін бұрмалады. Қорғаныс министрлігі өкілі Игорь Конашенков "әскерді қайта топтастыру" жайлы айтылған деді.
  • Украина билігі елдегі қалаларды Ресей күштері тағы да атқылап жатыр деп хабарлады.
  • БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі жоғарғы өкілі Мишель Бачелет Ресейдің Украинада нысананы ажыратпай, бейберекет атқылауы әскери қылмыс саналатынын мәлімдеді.
  • АҚШ Украинаға 500 миллион доллардың қосымша көмегін беретінін хабарлады.
  • Өзін Грузиядан тәуелсізбін деп жариялап алған Оңтүстік Осетия да Украинаның шығысындағы "ЛХР" сепаратистік құрылымы тәрізді Ресейге қосылуға талпынатынын мәлімдеді.

Мишель Бачелет Ресейдің Украинада бейберекет атқылағанын айыптады

Светлана Савченко Ресей қарулы күштері атқылап қиратқан мына көпқабатты үйдегі пәтерде тұрған. Мариуполь, Украина, 30 наурыз 2022 жыл.
Светлана Савченко Ресей қарулы күштері атқылап қиратқан мына көпқабатты үйдегі пәтерде тұрған. Мариуполь, Украина, 30 наурыз 2022 жыл.

БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі жоғарғы комиссары Мишель Бачелет Ресейдің Украинадағы соғыс барысында халықаралық гуманитарлық заң талабын бұзып, бейберекет атқылап жатқанын мәлімдеді. CNN Бачелеттің "бұны әскери қылмыс санауға болады" деген сөзін келтірген.

Сәрсенбі күні Женевада өткен БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі кеңесі отырысында Бачелет ұйым Ресейдің 24 рет кассеталық қару қолданғаны туралы деректі тексеріп жатыр деп хабарлады. Ресей Украинадағы ауруханаларды, сумен қамтамасыз ету нысандары мен әкімшілік ғимараттарын зымыранмен және артиллериядан атқылаған деді ол.

"Азаматтық нысандардың жаппай қирап-бүлінуі және бейбіт халық арасында қаза тапқандардың көп болуы [әскери шабуыл нысанасын] ажыратудың негізгі принциптері мен сақтық шаралары сақталмағанын көрсетеді" деп мәлімдеген Бачелет.

БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі жоғарғы өкілі Украина халқы "сұмдыққа тап болғанын" айтты. "Соғыс іс-қимылдары дереу тоқтатылуы керек" деген Бачелет Ресейді "Бас ассамблея мен Адам құқықтары жөніндегі кеңестің айқын үндеуіне құлақ асып, украин жерінен әскерін дереу әкетуге" шақырған.

  • БҰҰ мәліметінше, Украинадағы соғыстан мыңнан астам әскери емес азамат қаза тапқан. Бұл әлі толық дерек емес дейді ұйым. Украина билігі мерт болған адам саны бұдан әлдеқайда көп дейді. Оның есебінше, бір ғана Мариуполь қаласында бес мыңнан астам адам өлген (бұл деректі басқа көздерден анықтау мүмкін болмай отыр).
  • Соғыс барысында көп тұрғын үй қираған. Әсіресе Мариуполь мен Волноваха, бұған қоса Чернигов, Харьков қалараында, Киевтің төңірегіндегі елдімекендер қатты зардап шеккен.
  • Украина Ресейді Мариупольдегі азаматтық нысандарды әуеден шабуылдап, тас-талқан қылды деп айыптайды. Олардың арасында бейбіт тұрғындар жасырынған драма театры да бар. Кей мәлімет бойынша, театрды атқылау салдарынан 300-ге жуық адам мерт болған (нақты саны белгісіз).
  • Ресей билігі тек әскери нысандарды нысанаға алдық деуден танбай отыр. Ресей жағы Украинаны әскери техниканы бейбіт адамдар тұратын үйлердің қасына орналастырған деп айыптайды.

АҚШ барлау қызметі: Путиннің кеңесшілері одан шындықты жасырады

Ресей президенті Владимир Путин.
Ресей президенті Владимир Путин.

Президент Владимир Путин Украинада Ресей әскерінің қалай соғысып, "әскери операцияның" қаншалықты "сәтті жүргізіліп" жатқанынан ішінара хабарсыз, себебі кеңесшілері шындықты одан жасырады. АҚШ барлау қызметінің дерегіне сүйенген Ақ үй әкімшілігінің өкілі Associated Press агенттігіне осылай деп мәлімдеді.

АҚШ президенті әкімшілігі өкілінің сөзінше, Путин мерзімді әскери борышын өтеп жүргендердің соғысқа алынғанын және олардың қаза болғанын білмейді. Ресей президенті осыған дейін "арнаулы операцияға" тек жалдамалы әскер ғана қатысып жатыр деп мәлімдеген. Бірақ Ресей қорғаныс министрлігі кейін Украинада мерзімді әскери борышын өтеп жүргендер де барын және олардың тұтқынға түскенін мойындаған. Қорғаныс министрлігі олардың барлығы Ресейге қайтарылды деп сендіруге тырысқан.

АҚШ шенеунігінің сөзінше, Путинге кеңесшілері сонымен бірге Батыс санкциясының Ресей экономикасына кері әсері жайлы ақпаратты толық жеткізбейді. Себебі, Путиннің төңірегіндегілер президентке "шындықты айтудан қорқады".

Дереккөздің айтуынша, Путин әскерилердің майдандағы шынайы жағдайды жасырып отырғанын сезеді және осы жағдай президент пен қарулы күштер арасындағы жағдайға салқынын тигізген.

Кремль әзірге бұл ақпаратқа түсініктеме берген жоқ.

Ресей Украинаға соғыс ашқалы бері Путин жұрт алдына сирек шығатын болған. Украинадағы соғысқа байланысты бірнеше рет қана түсініктеме берген. Ресей ресми түрде Украинаны "денацификация" және "демилитаризациялаудан" бас тартқан жоқ. Десе де, келіссөзге Ресей жағынан қатысып жатқан Владимир Мединскийдің айтуынша, Украинаның НАТО-дан бас тартуы және бейтарап ел мәртебесін жариялауы Ресей талаптарының орындалғаны болып есептеледі.

Соғыс басталғалы бір айдан асты. Бірқатар "жетістіктерге" қарамастан Ресей әскері Украина армиясын тықсыра алмады жоқ және Херсоннан басқа бірде-бір облыс орталығына бақылау орната алған жоқ.

Тағы

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG