Ресей "Азовстальдан" бейбіт тұрғындарды эвакуациялау үшін гуманитарлық дәліз ашатынын жариялады
Ресей қорғаныс министрлігі Мариупольдегі "Азовсталь" комбинатынан бейбіт тұрғындарды шығару үшін бүгін, түстен кейін гуманитарлық дәліз ашатынын мәлімдеді. "Азаматтар зауыттан шыққан соң қайда баратынын өздері шешер" дейді ведомство.
"Азовсталь" комбинатында "Азов" батальоны, Украинаның 36-теңіз жаяу әскер бригадасы мен мыңға жуық бейбіт тұрғын жасырынып отыр.
Бұған дейін екі тарап Мариупольден бейбіт тұрғындарды эвакуациялау үшін гуманитарлық дәліз ашуға алдын ала келіскенімен, ол жоспар жүзеге аспаған.
Мариуполь 1 наурыздан бері Ресей қоршауында. Кремль қаланы бақылауға алғанын айтқанымен, "Азов" пен 36-батальон "Азовсталь" ішінде жасырынып, шайқас жүргізіп жатыр.
ФСБ «террорлық топ журналист Соловьевке қастандық жасамақ болды» дейді
Ресей президенті Бас прокуратураның жиынында «ФСБ ресейлік танымал журналисті өлтірмек болған террористік топтың жолын кескенін» айтты. Ол бұл қастандықтың артында батыстың арнайы қызметтер тұр дейді. Путин «Ресей қоғамына іріткі салғысы келген Батыс», «ақпарат майданында да жеңіліп, енді террорлық жолды таңдады» деп санайды
Путин нақты қай журналиске шабуыл жасалмақ болғанын айтпады.
Ал ФСБ «журналист Владимир Соловьевты өлтірмек болған неонацистік террорлық топтық мүшелері ұсталды, олар Украина қауіпсіздік қызметінің тапсырмасымен жұмыс істеген» дейді.
WSJ: АҚШ қауіпсіздік кеңесі Путиннің "әйелі" Кабаеваға санкция салуға шектеу қойған
АҚШ ұлттық қауіпсіздік кеңесі көркем гимнастикадан олимпиада чемпионы Алина Кабаеваға санкция салуға шектеу қойған. Америкалық шенеуніктер егер Кабаеваға санкция салынса, Путинді ашуландырып алуымыз мүмкін деп қауіптенген. Бұл туралы дереккөздеріне сілтеме жасаған америкалық Wall Street Journal газеті жазды.
Кейбір ақпараттарда 39 жастағы Кабаева Путиннің қазіргі "әйелі" екені айтылады. БАҚ беттерінде Путин мен Кабаеваның кемі үш баласы бары да бірнеше рет жазылған. Санкция салынатындар тізімін дайындаған АҚШ қаржы министрлігінің қызметкері WSJ басылымына "америкалық жоғарғы шенділер Кабаеваға санкция салынса, Путин агрессивті түрде жауап беруі мүмкін деп санайды" деген.
АҚШ бұған дейін Путиннің екі қызы Катерина Тихонова мен Мария Воронцоваға санкция салған. Ресей президентінің екі қызы ғылым саласындағы мемлекеттік және жартылай мемлекеттік мекемелерде жұмыс істейді. Bloomberg сайты Путиннің қыздарына санкция қатты әсер етпеуі мүмкін, себебі олардың шетелде активтері бар-жоғы белгісіз деп жазды.
Кремль Путиннің балаларына қатысты ештеңе айтпаған. Путиннің қызы болуы мүмкін 18 жастағы Елизавета Кривоногихтің шешесі Светлана Кривоногих те санкцияға ілінгендер тізімінде жоқ.
Украина қауіпсіздік қызметі (СБУ) Ресейдің журналист Владимир Соловьевке "СБУ тапсырмасымен қастандық жасалмақ болды" деген мәлімдемесін "фантазия" және "кезекті креатив" деп атады.
"Бізде Соловьевті өлтіреміз деген мүлде жоспар жоқ" деді Украина қауіпсіздік қызметі.
Бүгін Ресей президенті Владимир Путин мен ФСБ "СБУ тапсырмасымен журналист Соловьевті өлтірмек болған террорлық топты ұстадық" деген еді.
В Службе безопасности Украины назвали «фантазиями» утверждения, что СБУ причастна к покушению на российского журналиста Владимира Соловьева
Служба безопасности Украины с интересом ознакомилась с очередным «креативом» ФСБ РФ, которая «героически задержала неонацистов», якобы планировавших убийство «общественного деятеля» Владимира Соловьева по заказу СБУ.
ПІКІРЛЕР