Accessibility links

Әнші таксист Чикагода өзбек әндерін насихаттап жүр


Канадада такси айдап күнелтіп жүрген өзбек азаматы. Көрнекі сурет
Канадада такси айдап күнелтіп жүрген өзбек азаматы. Көрнекі сурет

Чикаго қаласына күнкөріс үшін барған өзбек жігіт америкалық клиенттерін тамсандырған әнші таксистке айналған. Мистер Нематилло деген лақап ат таңдап алған ол өзбек әндерін Youtube желісі арқылы да насихаттап жүр.


АҚШ-тың Чикаго қаласында Нематилло Абдулазиз атты Қырғызстандағы Ош қаласынан келген өзбек азаматы такси жүргізушісі болып жұмыс атқарады. Бұл азамат Чикаго қаласының халқына қызмет қылып жүрген кезде, яғни көлік рөлінде отырғанда Озодбек Назарбеков пен Шерали Жураев іспетті өзбек әншілерінің әндерін айтып, баршаға жарнамалауға тырысады.

Абдулазиз өзіне Мистер Нематилло деген лақап ат таңдап алған. Ғаламторға қалта телефонына түсіріп алған әуендерін бейнебаян ретінде енгізіп қойыпты. Мистер Нематиллоның жолаушылары мен ғаламтордағы көрермендері оның мұндай шығармашылығына оң баға береді.

Алайда бұған қарсы адамдар да бар. Оның бірі - Абдулазиздың әкесі. Ол кісінің айтуынша баласының көлік айдап келе жатып өлең айтқаны өміріне қауіпті. «Оның рөлде отырып басқа іспен айналысқаны дұрыс емес» дейді әкесі. Сіздердің назарларыңызға жаңа шығармашылық өкілі Абдулазиз Нематиллоның бір бейнебаянын ұсынамыз.


XS
SM
MD
LG